• Телефон

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

ЖМЖА анестезиология, жан сақтау және қарқынды емдеу бөлімшесі (әрі қарай – АЖСҚБ) Орталық қалалық ауруханасының ғимаратында 1985 жылы негізі құрылды.
2017 жылдың мамыр айынан бастап АЖСҚБ ЖМЖА-ның жаңа кешенінде шұғыл көмек көрсетіп келеді.

Бөлімшенің міндеттері:
1. Өмірлік маңызды ағзаларының қызметі бұзылған науқастарға ағза қызметі тұрақтандырылғанға дейін жан сақтау және қарқынды емдеу жүргізу;
2. Ота жасау шараларында, арнайы диагностикалық және емдік шаралар кезінде ауырсынуды басуға дайындау және ауырсынуды басу;
3. Отадан кейінгі ерте кезеңде науқастарды қарау.

Бөлімше 12 орынға арналған, әлемдік стандарттарға сәйкес заманауи диагностикалық және емдеу аппараттарымен жабдықталға.
Бөлімшенің жабдықтары:
– 2009 жылы шығарылған, Fresenius фирмасының детоксикация: гемосорбция, мембраналық плазмофарез, гемодиафильтрация шараларын жүргізуге арналған «multiFiltrate» аппараты;
– бауыр детоксикациясын жүргізуге арналған «MARS – Жасанды бауыр» аппараты;
– 2012 жылы шығарылған, Drager фирмасы, Германияда өндірілген науқастарға ӨЖЖ жасауын бақылайтын электр-импедансты томограф;
– 2010- 2011 жылдары шығарылған, Drager фирмасы, Германияда өндірілген өкпені жасанды желдету аппараттары;
– заманауи қадағалағыш аппаратура: 2009 жылы шығарылған, Drager фирмасы, Германияда өндірілген кардиомониторлар;
– медикаменттерді енгізуге арналған құралдар: 2011 жылы шығарылған, Жапонияда өндірілген Terumo фирамасының перфузорлары; 2011 жылы шығарылған, Бельгияда өндірілген Terufusion инфузоматтары;
– оттекпен емдеу жүргізуге арналған 2009 жылы шығарылған, М.В.Хруничев атындағы МҒҒӨО, Ресейде өндірілген гипербариялық оксигенация аппараты (ГБО);
– 2015 жылы шығарылған, Ресейде өндірілген қанды инфрақызыл және ультракүлгін сәулелендіруге арналған «Матрикс-ВЛОК» лазермен емдеу аппараты.

Палаталарда үнемі ауаның ламинарлық ағым жүйесі, желдеткіші бар сорғызу жүйесі, ауаны озонмен жаңарту іске қосылып тұрады.
Жан сақтау бөлімшесін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 100%-дық көрсеткішпен жүргізіледі.
Бөлімшенің штаты толық жинақталған. 12 дәрігер, 35 мейірбике, 10 тазалықшы жұмыс істейді.
Дәрігерлердің біліктілігі 100 %: 10 жоғары санатты дәрігер, 1 бірінші санатты дәрігер және 1 екінші санатты дәрігер.

Орташа есеппен жылына АЖСҚБ-де 2200-ге дейін науқастар жатады, ота шараларын жүргізуде 2000-2100 –ге дейін анестезиологиялық құралдар жүргізіледі. Бөлімшеде науқастар үшін барлық жағдайлар жасалған. Біздің мейірбикелер мен санитарларымыз науқастарға аса қамқорлықпен қарайды.
Қызметкерлер біліктілігін жыл сайын, бекітілген кестеге сәйкес Қазақстан Республикасының ғана емес, шет елдердің де денсаулық сақтау ұйымдарында, медициналық білім және ғылым ұйымдарында арттырады.

Клиникалық бөлімшелер