• Телефон

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

Операциялық блок шұғыл көрсетілімдер бойынша науқастарға амбулаторлық және стационарлық хирургиялық көмек көрсетеді.

ЖМЖА-ның жаңа кешенінде операциялық блок халықаралық стандарттарға сәйкес жобаланған және заманауи жоғары технологиялық материалдардан салынған.

Алдыңғы қатарлы әлемдік өндірушілердің видеоэндоскопиялық құрылғылары мен басқа құралдары тінді аз мөлшерде зақымдау арқылы жоғары маманданған көмек көрсетуді қосқанда, кең көлемде ота жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ЖМЖА-ның операциялық блогында электрондық-оптикалық түрлендіргіш (С-доға) бар, оның көмегімен күрделі ортохирургиялық операцияларды орындауға мүмкіндік туды.

Операция жасау залдарында жасанды климат жүйесі жұмыс істейді, ол ауаны тиісті температурада және тазалықта ұстап тұрады. Барлық операция залдарында орнатылған ламинарлық ауа стерилизаторлері іріңді-сепсистік асқынулар мен аурухана ішілік инфекцияның даму мүмкіндігін төмендетуге көмектеседі.

ЖМЖА-ның операция бөлімі заманауи медициналық құралдардан басқа мультимедиялық құрылғылармен және телемедицинаға арналған барлық қажеттіліктермен жабдықталған, осының арқасында ота жасау кезінде хирург бүкіл дүниежүзі бойынша әріптестерімен кеңесіп отыра алады, бұл жүргізілетін операцияның нәтижелігін көтереді.

ЖМЖА-ның операциялық блогы 9 операциялық залдарынан тұрады, ол А, В және Г корпустарының екі қабатында орналасқан.
1 қабатта:
– шұғыл операция жасау кіші залы
– іріңді таңу бөлмесі
– №4 хирургиялық операция жасау залы

2 қабатта:
– №3 шұғыл операция жасау үлкен залы
– №1, №2 хирургиялық операция жасау залы
– №1, №2 травматологиялық операция жсау залы
– күйікке операция жасау залы
Төтенше жағдай кезінде барлық 9 операция жасау залдары бірмезгілде жұмыс істей алады.
Жылына орта есеппен операциялық блокта 3 000-ға дейін ота жасалынады.
Операциялық блок қызметкерлері жыл сайын біліктіліктерін көтеріп тұрады. Мұнда 25 ортаңғы медицина қызметкерлері, 25 санитар жұмыс істейді. Қызметкерлердің санаттылық деңгейі 84% құрайды.

ЖМЖА базасында Семей қаласындағы ММУ хирургия, травматология және ортопедия кафедралары орналасқан.
Жыл сайын алдыңғы қатарлы отандық және шет ел мамандарымен мастер-класстар өтіп тұрады.

Клиникалық бөлімшелер