• Справочная

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

ЖМЖА-ның қабылдау диагностикалық бөлімшесінде халыққа тәулік бойы шұғыл терапиялық және хирургиялық көмек көрсетіледі және көрсетілімдері бойынша бейіндік бөлімшелерге жатқызылады.
ЖМЖА-да ауруханаға жатқызудың 90% шұғыл тәртіппен және 10% «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы бойынша жоспарлы тәртіппен жүргізіледі.

Қабылдау диагностикалық бөлімшенің негізгі міндеттері:
– шұғыл және жоспарлы тәртіппен ауруханаға түсуші науқастарды бейіндері бойынша қабылдау, тіркеу және бөлімшелерге жіберу;
– бастапқы диагноз қою;
– стационарлық және амбулаторлық емдеу қажеттігі туралы шешім қабылдау;
– жұқпалы ауруларды жұқтыру және таратудың алдын алу бойынша шараларды қамтамасыз ету;
– қабылдау-диагностикалық бөлімшесі төтенше жағдайларда жұмыс істеуге үнемі дайындықта және аса қауіпті инфекцияға күдік тудыратын және жұқтырылған науқас шыққан жағдайда оқшаулау бөлмесі бар.

Қабылдау бөлімшесінде шұғыл көмек көрсетуге арналған барлық жағдай жасалған. Бұл жерде көрсетілімдер бойынша қарқынды тиісті ем жүргізіліп, әрі қарай арнайы бөлімшеде жалғастырылады.
Барлық құжаттарын рәсімдеу кезек күттірмейтін тиісті ем қолданылып, мұқият зерттеу өткізілгеннен кейін жүргізіледі.
Қызметкерлердің жұмысының маңызды бөліктері науқасты стационарға есепке алу, санэпидбақылау орындарымен, жедел медициналық жәрдем стансасымен, қала мен облыстың басқа емдеу-алдын алу мекемелерімен байланысу болып табылады.

Телефондар: 8(7222)777-332, 8(7222)777-334

ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

Ауруханаға жату үшін барлық емделушілердің мынадай құжаттары мен зерттеу қорытындылары болуы керек:

1. Ауруханаға жатқызу коды бар жолдама;
2. Амбулаторлық науқастың медициналық картасының көшірмесі (№ 027/у нысаны);
3. Жеке басын куәландыратын құжат – түпнұсқа және көшірме (жеке бас куәлігі/төлқұжат/ туу туралы куәлік).
4. Зерттеу қортыныдылары:

Клиникалық бөлімшелер