• Телефон

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

ЖМЖА-ның сәулелі диагностика бөлімшесі (әрі қарай – СДБ) ең төменгі сәуле жүктемесінде жоғары сапалы кескіндеме алуға мүмкіндік беретін, кең ауқымды диагностикалық мүмкіндігі бар заманауи құралдармен жабдықталған.

СДБ-де 6 дәрігер, 9 зертханашы және 4 санитар қабылдау жүргізеді.
Қызметкерлердің біліктілігі 83%-ды құрайды: жоғары санатты дәрігер -2, бірінші санатты дәрігер – 1, екінші санатты дәрігер – 2 және бір дәрігердің рентгенолог дәрігері сертификаты бар.

Бөлімше қызметкерлері жыл сайын Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары, медициналық білім және ғылым ұйымдарында ғана емес, сонымен бірге шет елдерде бекітілген кестеге сәйкес біліктіліктерін көтеріп тұрады.
СДБ-де ретгендиагностикалық жабдықтардың, компьютерлік және магнитті-резонансты томографияның көмегімен орталық жүйке жүйесі, көкірек қуысы, құрсақ қуысы, ішастар арты кеңістігі, кіші жамбас ағзалары мен сүйек-буын жүйесі ауыратын науқастар тексеріле алады. Қан тамыр жүйелерінің әртүрлі зақымдануларында қан тамырларының жағдайын тексеру үшін ангиографиялық зерттеу жүргізіледі.

Контрастың енгізілуін бақылайтын автоматты инжектордың көмегімен жүргізілетін контрастпен зерттеу. Контрасты қолмен енгізу сияқты әдеттегі әдіспен салыстырғанда, ЖМЖА СДБ-де жүргізілетін тәсіл біршама анық кескіндеме алуға мүмкіндік береді, зерттеудің диагностикалық нәтижелігін көтереді және шараны емделуші үшін біршама қауіпсіз етеді.
ЖМЖА СДБ-нің дәрігерлері «Семей» ММУ университеті госпиталінің нейрохирургтарымен, Перинаталдық орталық және Семей қаласы және ШҚО басқа медициналық ұйымдарымен ауыр халдегі науқастарға шұғыл зерттеулерді жүргізу және емделушілерге консультациялар жүргізу арқылы тығыз байланыста жұмыс істейді.

ЖМЖА СДБ жылына орташа есеппен 50 000 рентген зерттеулерін, 5 500-ден жоғары КТ мен МРТ зерттеулерін, 500-ден артық КТ-коронарография зерттеулерін өткізеді.

Шығыс Қазақстандағы жалғыз КТ-коронарография жүргізуге арналған кардиосинхронизациясы бар компъютерлік томограф ЖМЖА-ның сәулелі диагностика бөлімшесінде.
КТ-коронарография деген – емделушінің қан өткізуші тамырларына жағымсыз катетеризация шараларын жүргізбестен жүрек ауруларының қатерлілігін бағалауға, болжамдар жүргізуге мүмкіндік беретін инвазивті емес тәсіл.
КТ-коронарографияның жүргізілуі:
• Жүрек қантамырларының ерте кезеңдегі атеросклерозын анықтау үшін;
• Кеуде қуысындағы атипиялық ауырсынулар синдромында;
• Стенттер мен қолқа-жүрек шунттарын бақылау және бағалау үшін;
• Сәтсіз жүргізілген инвазивті коронарографиядан кейін.

* МРТ және КТ зерттеулері АЛДЫН АЛА ЖАЗЫЛУ бойынша жүргізіледі

Байланыс телефоны: 8 (7222) 777-336