• Справочная

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

Алғашқы лапороскопиялық кистэктомия отасы жүргізілді

2019 жылдың басында «Семей қ. ЖМЖА» Семей өңірінің тұрғындарына кең көлемді урологиялық қызмет көрсететін урология бөлімшесі ашылды.

Бөлімшеде несеп бөлу жүйесі ағзаларына жүргізілетін оталардың барлық түрлері жасалады. Ауруханамызда урологиялық қызметтің толыққанды қызмет көрсетуі үшін барлық жағдайлардың, атап айтқанда заманауи медиицналық құрал-жабдықтармен оқытылған жоғары білікті мамандардың бар екенін ескере отырып, бөлімшеде сонымен бірге лапороскопиялық оталар да жүргізіле бастады. Урология деген – несеп жүйесі ағзаларының ауруларын зерттейтін ғылым. Кең тараған пікірлерге қарамастан, уролог деген – «ерлер» дәрігері ғана емес. Уролог деген ерлерде де, әйелдерде де – несеп жүйесі ағзаларының ауруларын, атап айтқанда– бүйректі (несеп-тас ауруларын, ісіктер, жылауығын, төмен түсу (нефроптоз), зәрағар (тас, тарылу, ісіктер) , қуықты (тас, ісік), несеп өткізу каналы (тарылу, ісік), сонымен қатар ер адамдардың жыныс ағзалары – қуықалды безі ауруларын (обыр, аденома, простатит) және сыртқы жыныс ағзаларын (варикоцеле, аталық ұрық безінің шемені, үрпі түтікшесі безінің жылауығын) емдейтін дәрігер. Тәжірибе көрсеткендей, көптеген әйелдер цистит немесе зәр тоқтамау белгілері пайда болғанда гинекологтың қабылдауына барады, олар уролог тек қана ер адамдарды ғана емдейді деп ойлайды. Урология ең бірінші – емдеудің оталық тәсілдерін қолданатын, хирургияның бағыттарының бірі екенін атап өткен жөн. 2019 жылғы 11 сәуірде Семей қ. ЖМЖА-да сол жақ бүйректің төменгі бөлігінің жылауығы деген диагноз қойылған науқасқа алғашқы лапороскопиялық кистэктомия отасы жүргізілді. Отаны тәжірибелі хирургтер: директордың хирургиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Б.М.Төлеуов пен урология бөлімшесінің меңгерушісі М.Ш.Кажитаев жүргізді. Емделушінің жалпы жағдайы қанағаттанарлық, сонымен бірге ота іш қуысын тіліп жасамағандықтан, денсаулығы тез қалпына келетіні сөзсіз. Урология бөлімшесін алғашқы сәтті қадамымен құттықтаймыз! Семей қ. ЖМЖА-ның осы бағыттағы жұмысы оң нәтиже беріп, біздің емделушілеріміздің денсаулығын сақтап қалуға көп себін тигізетініне біз сенімдіміз.