Бүгін Абай облысы ДБ «Семей қ. ЖМЖА» ШЖҚ КМК Қазақстан РеспубликасыныңТәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті. Ең үздік жұмыскерлерді марапаттау шарасы және мерекенің құрметіне ораймерекелік концерт болды.
1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесінің №1008-XII Қаулысымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылданды.
Заңда: «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі адам құқығының Жалпыға ортақ декларациясында, халықаралық құқықтың басқа жалпыға ортақ нормалаоында бекітілген Қазақстан халқының қалауын көрсете отырып, жеке тұлғаның құқық басымдығы мен еркін мойындай отырып, қазақ ұлтының өзін өзі бағдарлауға құқығын растай отырып азаматтық қоғам және құқықты мемлекет құру туралы шешіміне қарай, бейбіт ішкі саясатты жүзеге асыра отырып, өзінің ядролық қаруды таратпау принципіне және қарусыздану процесіне жақтас екенін жариялай отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялайды»- делінген.
Заңға сәйкес «Қазақстан Республикасы- тәуелсіз, демократиялық және құқықты мемлекет. Ол өзінің жер көлеміне толықтай билік жүргізеді, өз бетінше ішкі және сыртқы саясатын белгілейді және жүргізеді». 1 Бап.«Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен халықаралық құқық негізінде өзара қарым қатынас орнатады».
2022 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті «Кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды, соған сәйкес 16 желтоқсан Тәуелсіздік Күні- мемлекеттік мереке болып танылды. Қалыптасқан экономика түбірімен өзгерді, бүін біз дүниежүзілік экономикажүйесіне бәсекелесеалатын дамып жатқан нарықтық экономикада өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында шетелдік инвестиция тарту бойынша көшбасшы ел болып отыр. Сонымен бірге әлеуметтік және зейнетақы жүйесінде де үлкен реформалар болды. Қазақстан өз еркімен өз аймағында ядролық қаруды қолданудан бас тартты және өзін ядролық қарудан бос ел деп жариялады.
Қазақстанның халықаралық саясаты біздің мемлекетіміздің суверенитеті мен тәуелсіздігіне халықаралық кепілдікке қол жеткізуге бағытталған. Шет мемлекеттермен достық қарым қатынас орнату үшін үлкен табысты жұмыс жүргізілді. 120-дан астам ел Қазақстанды ресми мойындап, дипломатиялық қарым қатынас орнатты. Қазақстан БҰҰ теңқұқылы, белсенді мүшесі, сонымен бірге: Еуроодақ, Еуропалық Қайтақұру және Даму Банкі, Халықаралық Валюта Қоры, МАГАТЭ, Қызыл Крест, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО сияқты аса ықпалды халықаралық ұйымдармен қызметтестікті нығайта түсуде. Қазақстан 40-тан артық көп жақты және 700-ден астам екіжақты келісімдер мен шарттарүа қосылды.
Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық аренада белгілі болды, және әлемдік экономикалық жүйеде тиісті орын алды деп сенімділікпен айтуға болады.