• Телефон

    8(7222) 77-73-38

  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

Жалпы  қалалық сенбілікке Абай облысы ДБ «ЖМЖА» ШЖҚ КМК ұжымының барлық қызметкерлері қатысты

2022 жылғы 5 қарашада «Бірге таза Қазақстан» экологиялық айлық шеңберінде өткен жалпы  қалалық сенбілікке Абай облысы ДБ «ЖМЖА» ШЖҚ КМК ұжымының барлық қызметкерлері қатысты. Сенбілік деген – ол біздің әдемі өмір сүруге деген ұмтылысымызды көрсетудің керемет тәсілі, күздің күншуағын шашқан әдемі күні таза ауада  ресми емес жағдайда бір бірімізбен араласу, себебі тәртіп адамның бойында ғана емес,  оның маңайында да болуы керек. Тазалап болған соң,  біздің еңбегіміздің арқасында бұрынғыдан да әдемі бола түскен әлемге қарау қандай керемет.

Аймақты тазалау бойынша сенбілікті өткізу үшін жүргізілетін шараның жоспары құрылды, сенбілікте жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізілді.

Күздің жылы күнімен, керемет көңіл-күймен жұмыс істеуге ықпал етті. Барлығы үлкен рухани көтеріңкі көңілмен еңбектенді. Өз еңбегіміздің нәтижесін көру жағымды болды, бұл іске әрқайсымыз өз жылуымыздың бір бөлшегін бердік. Сенбілік ерекше құлшыныспен, белсенді өтті, барлығы өзінің туған табиғатын күтуге ат салысты, табиғат, қоршаған орта деген – біздің ортақ үйіміз  ғой. Ал біз оның тазалығын сақтауымыз керек. Барлығы өзіне және өзі істеген жұмысына разы болды. Барлығы мақтанарлықтай еңбек етті! Жарайсыңдар!