• Справочная

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

Жеңіс күніне орай ЖМЖА Семей қ. жас дәрігерлері мен медбикелері акция өткізді

Биылғы жылы Қазақстанда міне 74-ші рет Жеңіс күнін атап өтеді, бұл әрбір саналы азамат елінің, отбасының және жаңа ұрпақтың келешегі үшін жан аямай соғысқан аталарымыздың рухына құрмет көрсететін күн.

Бұрынғы Кеңестер одағының құрамында болған елдер үшін – бұл ең маңызды тарихи мерекелердің бірі.
Жеңіс күніне орай Семей қаласындағы ЖМЖА-ның жас дәрігерлері мен мейіргерлері тұрғылықты мекен-жайына барып ҰОС қатысушылары – ардақты емделушілерге тегін зерттеулер жүргізу Акциясын өткізді. 2019 жылдың 3 мамырында біздің ерекше емделушілерімізден талдаулар алынды, ЖҚТ, қанның Б/Х, коагулограмма, ЭКГ. 5 мамыр күні ардагерлерді терапевт, хирург, невропатолог, травматолог, кардиолог мамандары қарады. Жүргізілген тексерулерден кейін дәрігерлер емдеу мен оңалту бойынша ұсынымдар берді.
Семей қ. ЖМЖА басшылығы мен қызметкерлері атынан біз Ұлы Жеңіс күніне жеткізуге ат салысқан әрбір ардагер мен тыл еңбекшісін мерекемен құттықтап, жас ұрпақты тәрбиелеу және бейбіт өмірге сүйіну үшін денсаулық пен сарқылмас күш-қуат тілейміз.
Біз әрқашан аталарымыз сыйлаған бейбітшілік, еркіндік, бақыт, жеңімпаздық, бізге өмір берген елге деген сенім мен туған жерге деген ортақ сүйіспеншілігімізді мақтан ететін боламыз!