• Справочная

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

ЖМЖА-да «Бактериялық менингококк инфекциясы» тақырыбына жалпы ауруханалық семинар өтті

Елдегі және әлемдегі эпидемиялық жағдай туралы, сонымен қатар менингококк инфекциясының алдын алу бойынша шаралардың шұғыл жоспары туралы эпидемиолог дәрігер Р.И.Серікбаева баяндама жасады

Менингококк инфекциясына микробиологиялық зерттеулер жүргізу үшін биологиялық материал алу ерекшеліктеріне қатысты сұрақтарға микробиологиялық зертхананың меңгерушісі Б.С.Абілова жауап берді.

Менингококк инфекциясының клиникалық нысандары және емдеудің жаңа тәсілдері туралы қарқынды емдеу бөлімінің дәрігері Ж.А.Айкебаева айтып берді.

Семинар сындарлы түрде өтті, менингококк инфекциясына қауіп бар науқас түскен кездегі аурухана бөлімшелерінің іс-қимылы мен өзара әрекеттестігі туралы мәселелер белсенді түрде талқыланды