• Справочная

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

Салауатты дәрігерлер – сапалы медициналық көмек кепілі

Дүниежүзілік денсаулық күні (World Health Day) жыл сайын 1948 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (World Health Organization, WHO) құрылған күні – 7 сәуірде атап өтіледі.

Дүниежүзілік денсаулық күні – халық денсаулығы мен амандығын қорғау үшін бірлескен әрекет жүргізу мақсатында салауаттылық пен денсаулық сақтау мәселелеріне біздің планетамазыдың әрбір тұрғынының назарын аударуға бағытталған жаһандық кампания.

2019 жылы Дүниежүзілік денсаулық күні денсаулық сақтау қызметін жаппай қамту тақырыбына арналған. Осы күні өткізілетін шаралар адамдар өз өмірінде денсаулықтың қандай үлкен орын алатынын түсінуі үшін жүргізіледі. Ал денсаулық сақтау ұйымдары бүкіл әлемде адамдардың денсаулығы жақсаруы үшін не істеулері керек екендігі туралы мәселені шешуге тартылады. Сондай-ақ, Елбасы Н.Назарбаев өзінің қазақстандықтарға арналған жолдауларында ең басты мәселелердің бірі ретінде ұлт денсаулығы, әрбір азаматтың денсаулығына қамқорлық туралы мәселені маңызды сұрақтардың басына қояды.

Семей қ. ЖМЖА қызметкерлері үшін 2019 жылы Дүниежүзілік денсаулық күні ерекше шара болды. Семей қ. ЖМЖА жастар штабының бастамасы бойынша бұл күні қызметкерлер арасында Денсаулық марафонын өткізу туралы шешімі қабылданды.

Жастардың бастамасын аурухананың барлық бөлімшелері қолдады, аурухана қызметкерлері сағ.10.00-да Ертіс өзенінің жағалауына жиналды. Аурухана басшысы Ерлан Төлеуғазыұлы Буркутовтың сөре дабылынан кейін барлығы жағалаудан – көпір арқылы, әрі қарай денсаулық сүрлеуімен ядролық сынақ құрбандарына арналған «Өлімнен де қымбат» ескерткішіне дейін Марафон жүгіріп өтті. Бұл марафонды біз салауаттылық пен өмірге арнаймыз. Біз, Семей қ. ЖМЖА дәрігерлері мен медициналық қызметкерлері – деніміз сау болғанын, біздің емделушілеріміздің салауаттылығын қалаймыз, ал бұл – біз біріккенде «өлімнен де күшті» екенімізді білдіреді.

Барлығы көктемгі күннен қуат, позитив пен көтеріңкі көңіл-күй алды. Марафонның жеңімпаздарын аурухана басшылығы жалпы жиналыста атап өтеді. Мұндай шаралар өзіміздің деніміздің саулығы қандай маңызды екенін көрсетуге, сонымен қатар ұжымдағы ортақ рухты көтеруге мүмкіндік береді. Салауатты ұлт – Қазақстанның күші!