Топтың келуінің басты мақсаты Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметтер көрсететін ұйымдардың мемлекеттік қызметті көрсету сапасына мониторинг жүргізу және жемқорлық қатердің ықтималдығы шеңберінде, Семей қ. ЖМЖА көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауы болатын.
Республикалық мониторинг жүргізу тобының мүшелері ота жасау бөлімшесіне, инсульт орталығына барды, ЖМЖА-дағы емделушілер және олардың туыстарымен сұхбат жүргізді.
Республикалық мониторинг жүргізу тобының келу қорытындысы бойынша, ЖМЖА-да жүргізіліп жатқан қызметке оң баға берілді.