• Справочная

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

Семей қ. ЖМЖА-ның барлық ұжымы көктемгі көтеріңкі көңіл күймен Наурыз мерекесін тойлады.

2019 жылғы 13 сәуірде Семей қ. ЖМЖА-ның барлық ұжымы көктемгі көтеріңкі көңіл күймен Наурыз мерекесін тойлады.

Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, ұжымға көптеген қонақтар келді: ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Бекқызы Нусупова, ШҚО ДБ басшысы Марат Едігеұлы Шоранов, ШҚО ДБ басшысының орынбасары Ілияс Тұңғышқанұлы Мұхамеджан, ШҚО ДБ Семей өңірі бойынша орынбасары Гүлнар Айтмұханқызы Шарипова, Семей қаласындағы медициналық ұйымдардың басшылары, Семей қ. ЖМЖА ардагерлері мен басқа қонақтар.
Мерекелік шараны көпұлтты ұжымымызды Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтау сөзімен Семей қ. ЖМЖА директоры Ерлан Төлеуғазыұлы Буркутов ашып, осы мерекенің біздің Республикамызда тұратын барлық туысқан ұлттар үшін маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдар бойы біз әртүрлі этникалық топтар арасында келісім мен татулықты сақтап, елімізде халықтар арасында ерекше қарым қатынас дәстүрінің үлгісі орнады. Алғашқы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев еліміз бен бүкіл әлемде қорғап, насихат жүргізген, ұлтаралық диалогты сақтаудың мықты идеологиясы құрылды. Бүгінгі күні бүкіл әлемде арқауында барлық этникалық диаспораларға толерантты қатынас тұрған, қазақстандық ұлтаралық келісім моделінің үлгісі бар екені туралы айта бастады. Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап барлық диаспоралар үшін өздерінің ана тілдерін, мәдениетін, салт-дәстүрін дамыту үшін тең мүмкіндік берілді.
Семей қ. ЖМЖА-ң барлық бөлімшелері ерекше ынтамен және үлкен жауапкершілікпен көктем мерекесіне дайындалды: мерекелік шарада көпұлтты Қазақстандағы ұлттар көрсетілді – қазақтар, орыстар, украиндықтар, өзбектер, армяндар, грузиндер, азербайжандар, кәрістер және басқа ұлт өкілдерінің ұлттық дастарқаны жайылып, ән айтылды, би биленіп, ойындары ойнатылды.
Семей қ. ЖМЖА этностар конкурсында 1-ші орын корей халқының салт-дәстүрін көрсеткен таза хирургия бөлімшесіне берілді, 2-ші орынды татар ұлтын ұсынған, эндокринология мен гематология бөлімшелері алса, 3-ші орынды орыс және украин халықтарының әдет-ғұрпын көрсеткен 1 кардиология және іріңді-септикалық хирургия бөлімшелері бөліп алды. Армян және грузин ұлттарын ұсынған политравма және ортохирургия бөлімшелері ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, 7 сәуір дүниежүзілік денсаулық күні ұйымдастырылған Денсаулық эстафетасының жеңімпаздары грамоталар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.