• Справочная

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

ШҚО ДБ «Семей қ.ЖМЖА» ШЖҚ КМК ПТР зертханасы ашылды

ШҚО ДБ «Семей қ.ЖМЖА» ШЖҚ КМК короновирустық инфекцияны анықтауға арналған ПТР зертханасы ашылды. Зертханада арнайы білім алған жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.

Аталған зертхананың ашылуы COVID 19-бен күресуде маңызды қадам болып табылады. Белгілі болғандай, ПТР тестілеудің көмегімен адам ағзасында вирустың болу, болмауы анықталады, және ол диагнозды зертханалық растау үшін қажет. Биоматериал ретінде аңқадан жағынды алынады. Жұмыста заманауи тест жүйелер қолданылады. Зертхана мамандары ПТР-диагностика әдістерін меңгерген және Германия мен АҚШ-та өндірілген жоғары технологиялық жабдықтармен жұмыс істейді. Лаборатория Семей қ. ЖМЖА Мичурин 140а көшесінде орналасқан және тәулік бойы демалыс күндері жұмыс жасайды. Талдаудың бағасы 8025 теңге.