• Справочная

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

ШҚО ДБ «Семей қ.» ШЖҚ КМК «Террористік қатынаста осал объектерді терроризмге қарсы қорғау» тақырыбына жиналыс өтті.

2019 жылғы 14 наурызда ШҚО ДБ «Семей қ.» ШЖҚ КМК «Террористік қатынаста осал объектерді терроризмге қарсы қорғау» тақырыбына жиналыс өтті.

Семей қ. ПБ қызметкері полиция майоры Ардақ Нурқанатұлы Асылханов баяндама оқыды. Ол террористік қатынаста осал объектерді қорғауды күшейту бойынша шараларды қарастыратын Қазақстан Республикасының 08.01.2013ж. «Қазақстан Республикасындағы терроризмге қарсы іс-қимыл мәслелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Бұйрығымен таныстырды. Тізімі мен оларға қойылатын тиісті талаптарды ҚР Үкіметі белгілейтін стратегиялық маңызы бар аса маңызды мемлекеттік, сратегиялық объектер мен экономика саласындағы объектер, бұқара халық көп жиналатын қауіпті өндіріст объектілері. Жиналыс барысында қатысушыларға «Антитеррор, Бір қадам алдыда» деп аталатын, террористік акт туындау қаупі төнген кездегі іс-әрекет ережесі, жарылғыш зат қойылуы мүмкін болған жағдайда ғимаратты қарау тәсілін көрсететін фильм, сонымен бірге кепілге адам алған жағдайда қызметкерлердің іс-әрекеті туралы фильм көрсетілді. Азаматтар көп шоғырланатын объектердің басшылары мен қызметкерлері міндетті: Жарылғыш затқы ұқсайтын бөгде күдікі зат табылған кезде, басшының нұсқауымен немесе өз бетінше «102» телефоны бойынша ІІБ (полиция) кезекші бөліміне, «112» – құтқару қызметіне, объектің атауын, оның мекен-жайын, заттың табылған уақытын көрсетіп болған жағдай туралы хабарлау керек; Құқық қорғау органдары, апаттық-құтқару қызметі келгенге дейін қызметкерлер мен келушілерге хабарлау шараларын жүргізіп, күдікті за табылған жерді қоршап, ол жерге адамдардың баруынан шектеу.
Күдікті затқа қол тигізуге, өз бетінше ашуға, орнын ауыстыруға және оның бетін жабуға , сонымен қатар затқа жақын жерде радио немесе қалта телефонын пайдалануға қатаң тыйым салынады. ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Заттың сыртқы көрінісі оның нақты не үшін тағайындалған зат екенін жасырып тұруы мүмкін. Жарылғыш заттың сыртқы қабы ретінде әдеттегі сөмкелер, пакеттер, орамдар, қораптар, ойыншықтар т.б. пайдаланылуы мүмкін.
1. Материалдық құндылықтар мен құжаттар сақталған бөлмені жабу, қажет болған жағдайда оларды қауіпсіз жерге шығару шараларын жүргізу.
2. Құқық қорғау органдары, апаттық-құтқару қызметі келгеннен кейін болған жағдай туралы хабарлап, күдікті зат табылған жерге апаруға жағдай жасау, әрі қарай оладың нұсқаулары бойынша әрекет ету;
3. Объектің әрі қарай жұмыс істеуін жалғастыруға болатыны туралы ақпаратты алған соң, қызметтегі өз міндеттерін орындауды жалғастыру.
Объектке террористік акт жүргізу, жарылғыш затты жарған кезде:
1. Болған жағдай турыл дереу құқық қорғау органдарына, ТЖМ-не, аудан әкімшілігіне хабарлау, жедел жәрдем шақыру.
2. Адамдарды құтқару бойынша шаралар жүргізу, оларды қауіпті аймақтан шығарып, зардап шегушілерге көмек көрсетіп, емдеу мекемелеріне жолдау.
3. Жағдай болған жерге бөгде адамдарды жібермеу.
4. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін заттар табылған жағдайда, адамдарға зақым келмейтін қашықтыққа дейін, қауіпті аймақты қоршау шараларын жүргізіңіз, қауіпті аймаққа бөгде адамдар мен көліктің өтуіне жол бермеу.
5. Құқық қорғау органдары, апаттық-құтқару қызметі келгеннен кейін болған жағдай туралы хабарлап, күдікті зат табылған жерге апаруға жағдай жасау, әрі қарай оладың нұсқаулары бойынша әрекет ету.
Жиналыс аяқталғаннан кейін қауіпсіздік қызметінің мамандары инструктаж жүргізді.