• Call-центр

    8(7222) 60-10-54

    8(775) 030 16 07

  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

ШҚО медициналық мекемелерінде комплаенс-қызметтер белсенді енгізілуде

2022 жылғы 12 мамырда Өскеменде облыстың медициналық ұйымдарының басшыларымен және комплаенс-қызметіне жауапты тұлғалармен кеңес өтті. Кеңес барысында ШҚО медициналық ұйымының 150-ден астам өкілі қатысты. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Архат Бейсембаев пен осы басқарманың бас маманы Гүлназ Байқадамова сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын және комплаенс-қызметтердің жұмысын ұйымдастыруға қатысты мәселелерді түсіндірді.
Сонымен қатар, кеңеске ҚР Президенті жанындағы АМУ филиалының директоры Сергей Ковалев қатысты, ол өз сөзінде ISO 37001:2016 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың менеджмент жүйесі тақырынбында баяндама жасады.
Медициналық мекеме ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі тоқталды, бұл сыбайлас жемқорлық әрекеттерін азайтуға немесе болдырмауға көмектеседі.
Заңнамаға сәйкес барлық денсаулық сақтау ұйымдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері болып табылатынын атап өту қажет, сондықтан олар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.