Сонымен қатар, ҚХР-дан және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.
⠀
Барлық санаттар бойынша мониторингке 2 мың 745 адам алынды, оның ішінде 1 «а» санаты бойынша – 1 мың 706, 1 «б» санаты бойынша – 656, 2-ші санат бойынша – 383 адам.
Мониторингке алынған 2 мың 745 адамның 648-іне бақылау тоқтатылды.
⠀
16 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 2 мың 097 адамға мониторинг жүргізуде.
⠀
Қазіргі уақытта дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен 132 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 1 «б» санаты бойынша – 40 адам, 2-ші санат бойынша – 43 адам, 3-ші санат бойынша – 49 адам.
⠀
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен аталған пациенттер алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды.
⠀
Эпидемияға қарсы қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекция жасау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кету керек, жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.
⠀
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қатаң алдын алу шараларын сақтауға кеңес береді:
– қолды, бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
– адамдар көп жиналатын жерлерге мүлдем бармау;
– сырқат адамдарға жақындамау;
– суық тию белгілері пайда болған жағдайда ( дене қызуы жоғарылап, мұрын бітелсе, жөтел, тамақтың ауыруы) тез арада үйге жедел жәрдем шақыру қажет.