Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет:
– қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз; – қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану; – адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз; – науқас адамдармен байланыста болмауға; – суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек. Бұл жағдайда мынаны ескеру қажет: – масканы тек сізде тұмау белгілері болған жағдайда ғана кию қажет; – коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық себептер бойынша жүргізіледі. Сонымен бірге, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі sмs -хабарламалар түрінде әрі қарай тарату үшін короновирустық инфекцияның алдын-алу туралы мәтін дайындады. Өкінішке орай, ұялы байланыс операторлары қазіргі жағдайда, яғни короновирустық инфекцияның алдын-алу туралы sмs-хабарламаларды жіберуден бас тартып отыр. Айта кету керек, бұл мәселе – барлық қазақстандықтардың әлеуметтік жауапкершілігі болып табылады. Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және кез келген сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 байланыс-орталығына қоңырау шалуға болады.