• Справочная

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

ҚР жетекші инфекционист маманының 2020 жылғы 31 қаңтардағы мәлімдемесі

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша қандай шаралар жүргізілуде? Бұл туралы бүгін ҚР жетекші инфекционист, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Аяпбекқызы Баешева әңгімелейді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің уақытша медиаорталығының бұқаралық ақпарат құралдары мен халықты коронавирустық инфекцияның жағдайымен хабардар етіп отыратын күнделікті онлайн-трансляциясын қараңыз.

ДИАГНОСТИКА ТУРАЛЫ
Ұлттық сараптама орталығы вирусты, оның ішінде короновирусты тасымалдаушы деп күдіктенген адамдарға зертханалық зерттеулер жүргізеді. Облыс орталықтарының және республикалық маңызы бар қалалардың барлық вирусологиялық зертханаларында зерттеу жүргізуге мүмкіндік бар.

6 ҚАҢТАРДАН КЕЙІН ҚЫТАЙДАН КЕЛГЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК АЗАМАТТАРҒА МОНИТОРИНГ ЖАСАУДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ
Қытайдан келгендерге мониторинг жалғасуда. Олардың 81 пайызы бақыланды. Біз апта бойы Қытайдан 6 қаңтардан бастап келгендер туралы айтып жатырмыз. Олардың бәрі дене қызуына тексерілетінін ескертеміз.
31 қаңтардағы жағдай бойынша температура мен ЖРВИ шағымдары бар 66 адам оқшауланған блоктарда ауруханаға жатқызылды. Қазір 25 адам стационардан шығарылды, 41 адам әзірге ауруханада қалды. Біз барлық бақылаудағы ауруханалардан алынған сынамаларды қосымша бақылау үшін Алматыдағы Ұлттық ғылыми орталыққа жібердік. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген.

ПРОФИЛАКТИКА
Бізге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирустық инфекцияларға қатысты ұсыныстарын жақсы білгілі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған барлық дәрі-дәрмек Қазақстанда бар. Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынымдарын ескере отырып, жаңа коронавирустық инфекцияның алдын-алу, диагностикалау және емдеу бойынша ұсыныстар дайындаймыз. Сондай-ақ, біз басқа елдердің ұсыныстарын да бақылап, зерттейтінімізді хабарлаймыз. ДДСҰ ұсынымдарын ескере отырып инфекциялы ересектер мен балалар үшін зерттеу мен емдеу жөніндегі емдік хаттамаларды жасаймыз.

ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі халыққа дер кезінде барлық жағдайды хабарлап отыр. Алғаш рет азаматтарымызға 6 қаңтарда жаңа аурудың пайда болуы туралы ескерттік. Өздеріңіз білесіздер, жаңа вирус тек 7 қаңтарда расталды.
Біз өткен түнде және таңертең әлеуметтік желілерде бірде-бір жаңа фейк жазбаны тіркеген жоқпыз. Сондықтан да бүгін тұрғындарға күнделікті фейктерді жіберуді тоқтатқаны үшін алғыс білдіреміз.
Журналистер мен блогерлерден осы мәлімдемелердің мағынасын шатастырмауды, кездейсоқ адамдардан сұхбат алмауды, қауесеттер мен анонимді хаттарға сілтеме жасамауды, жауапкершілік пен кәсібилік көрсетуді сұраймыз. Барша қазақстандықтарды Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасына жазылып, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттарға сүйенуге шақырамыз.