• Справочная

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

1 сәуір – 31 мамыр аралығында Семей қаласында өңірде санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу бойынша екіайлық өтеді.

Аймақты тазалауға емей қаласының ЖМЖА қызметкерлері де кірісті – міне екінші апта Жедел медициналық жәрдем ауруханасында сенбілік өтті.

Екіайлық шеңберінде ғимараттың алды, кіру орындары қалпына келтіріледі, газондар мен гүлзарлар егіледі, сонымен қатар Семей қ. ЖМЖА-ның маңына әрқайсысы дәрігерлер мен басқа қызметкерлерге атаулы шыршаның жас талы отырғызылмақ. Аурухананың қызметкерлері жұмыла кірісіп аурухана аймағын тәтіпке келтіріп, ағаштарды әктеді. Біз науқастарды аурухана аймағындағы жөнге келтірілген тазалықпен қарсы аламыз.