• Справочная

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

2019 жылы Семей қ. ЖМЖА физиотерапия және емдік дене шынықтыру бөлімшесінде жаңа қызмет – бальнеофизиотерапия (фито-бочка) енгізілді.

2019 жылы Семей қ. ЖМЖА физиотерапия және емдік дене шынықтыру бөлімшесінде жаңа қызмет – бальнеофизиотерапия (фито-бочка) енгізілді. Балқарағай – дәрі-дәрмек ағашы деп есептеледі. Оның сүрегі зиянды микроорганизмдердің өсіп, дамуын басатын фитонцидтер бөледі. «Балқарағай фито-бочкасының» емдік курсы минералды, газды және нәруыз алмасуын күшейту арқылы зат алмасуға әсер етеді, организмнен азотты заттардың, бейорганикалық фосфордың, натрий хлоридінің, мочевина, […]

2019 жылы Семей қ. ЖМЖА физиотерапия және емдік дене шынықтыру бөлімшесінде жаңа қызмет – бальнеофизиотерапия (фито-бочка) енгізілді. Балқарағай – дәрі-дәрмек ағашы деп есептеледі. Оның сүрегі зиянды микроорганизмдердің өсіп, дамуын басатын фитонцидтер бөледі. «Балқарағай фито-бочкасының» емдік курсы минералды, газды және нәруыз алмасуын күшейту арқылы зат алмасуға әсер етеді, организмнен азотты заттардың, бейорганикалық фосфордың, натрий хлоридінің, мочевина, несеп қышқылының шығуына әсер етеді. Сонымен бірге, емдік шара жылу әсері бар емдер қатарына жатады. Бұл емдік шара: – Организмді уытты заттардан тазалау үшін; – Терінің өткізгіштігін арттырып, ұсақ тесіктерін кеңейту үшін; – Артық салмақтан арылу үшін, – Целлюлитті болдырмау үшін; – Буындардың жағдайын жақсарту үшін; – Иммунитетті көтеру үшін; – Теріні жаңарту үшін – теріні тегіс және тығыз ету үшін; – Целлюлитті кетіру үшін; – Жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын күшейту үшін; – Бұлшықет шаршағыштығын кетіру үшін; – Қантамырлары мен олардың тесіктерін кеңейту үшін; – Салқын тию және тыныс жолдары инфекциясының алдын алу үшін жүргізіледі. Көрсетілген емдік шараны қарсы көрсетілімі жоқ кез келген адам алуына болады. Бальнеофизиотерапия (фитобочка) емдік шарасы қосарласқан ем болып табылады, оған: душ, фитобочканы тікелей қолдану және демалу бөлмесінде пайдалы қасиеті бар фито-шай қабылдау кіреді. Бір емдік шараның құны 724 теңгені құрайды және 1 сағат уақытты алады. Барлық ем қабылдауға ниеттенушілерді мына мекен-жай бойынша шақырамыз: ШҚО, Семей қ., Мичурин көш.140А, физиотерапия бөлімшесі. Анықтама телефондары: 8(7222) 777 338 – анықтама орны, 8(7222) 777 335 – қабылдау бөлмесі.