Тұзды бөлме (спелеокамера) – деген төбесі мен еденіне тұзды блоктар төселген, арнайы жабдықталған бөлме, бұл адам ағзасына жайлы ылғалдылық, температура мен қысым тудырады, ал тұз бөлмесіндегі иондық құрам – ағзаға әсері мен құрамы бойынша бірегей пайдалы зат болып табылады. Мұндай емдік-профилактикалық орынның құндылығы – бұл жерде қандай да бір аллергендер мен патогенді бактериялардың жоқ болуында.
Спелеокамераның негізгі құрамбөлігі – арнайы тұзды аэрозоль, ол ауа кеңістігінде өте кішкентай тұзды тамшыларды шашады. Шашылған тұздардың көлемі үлкен емес (2-5 мкм), сондықтан да олар адамның тыныс алу жолына жылдам түседі де, емдік және профилактикалық нәтиже береді.
Тұзды бөлмелер емдік және профилактикалық мақсаттарда нәтижелі пайдаланылады. Тұзды бөлмелерге барудың нәтижесінде зат алмасу процесінің жұмысы жақсарады, осының арқасында ағза уытты компоненттерден босайды. Бірнеше шарадан кейін-ақ сауығу нәтижелері белсенді байқала бастайды, организм сергектікке және позитивті энергетикалық қуатқа толады.
Емдеу нәтижесіне жету үшін, көптеген дәрігерлер өзінің емделушілеріне тұзды бөлмеге баруға кеңес береді, көп жағдайларда тұзды бөлмеге бару дәрі-дәрмекті қолданып емдеу шараларына қосымша ретінде, ал кейде тамаша балама таңдау екенін мойындата отырып, бұл емдеуге айқын қарсы көрсетілімдер болмайды.
Спелеотерапия, кешенді емдеудің бір бөлігі ретінде бронхиттің созылмалы түрімен ауырған науқастарға (ремиссия сатысы), бронх демікпесі бар науқастарға (жеңіл және орташа-ауыр атониялық, инфекциялы-аллергиялық және аралас түрдегі), созылмалы пневмониямен ауырған, поллинозбен, аллергиялық риносинуситпен ауырған науқастарды емдеу үшін қолданылады. Демікпенің алдын алу жағдайында тұзды бөлмеге бару ұсынылады, сонымен бірге мұндай орынға курстық ем ретінде бару демікпенің бастапқы сатыларында сырқатты тоқтатуға мүмкіндік тудырады.
Тұзды бөлме – есекжем, сыздауық, қабыршақты теміреткі және басқа тері аурулары кезінде баруға ұсынылады.
Жүрек аурулары кезінде, сонымен қатар гипертонияның 1 және 2-А сатысында тұзды будың пайдасы дәлелденген.
Спелеокамераға бару нерв жүйесінің жалпы жағдайына да жақсы ықпал етеді. Тұзды буды курстық жұту организмге неврозбен, депрессиямен, сыртқы жабырқаушылықпен күресуге көмектеседі.
Адам ағзасы қатты шаршауға шалдыққанда да, сонымен бірге қалқанша безінің жұмысы бұзылған кезде де тұзды бөлмеге барып ем қабылдау ұсынылады. Өз сымбатына көңіл бөлетін адамдарға тұзды бөлмеге бару, мүсінін түзетуге көмектеседі және артық салмақты табиғи жолмен жоюға ықпал етеді.
Тұзды бөлмеге кірудің бағасы 700 теңгені құрайды және уақыт бойынша 45 минут болады. Емдік шараның бір курсы 10 қабылдаудан тұрады. Тұзды бөлмеге барып ем қабылдаудың бір курсын Қара теңіз жағалауындағы шипажайда толық демалумен теңестіруге болады. Емдеудің нәтижелі болуы үшін, емдеу курсын жылына екі рет қайталау керек.
Емдік шараны жалғыз адам да, 7 кісіге дейін топпен де қабылдауға болады.
Барлық ем қабылдауға ниеттенушілерді Мына мекен-жай бойынша шақырамыз: ШҚО, Семей қ., Мичурин көш.140А, физиотерапия бөлімшесі.
Анықтама телефондары: 8(7222) 777 338 – анықтама орны, 8(7222) 777 335 – қабылдау бөлмесі.