• Справочная

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

2020 жылғы 11 ақпандағы (07:00) Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.

Мәселен, 2020 жылғы 6 қаңтардан 8 ақпанға дейін елімізге 30857 адам келді. 6 қаңтар – 8 ақпан аралығында Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитариялық-карантиндік пункттерінің мамандары халықаралық әуежайларда және теміржол вокзалдарында Қытаймен шекаралас мемлекеттер арқылы өткізу пункттерінде – 30852 адамды қарап-тексерді. ЖРВИ белгілерімен 140 адам көпшіліктен оқшауланып, емдеуге жатқызылды, оның 113 шығарылды, қазір стационарларда медициналық бақылауда 27 адам қалды. Қазақстан Республикасының 83 эвакуацияланған азаматтарының 13-інде жеңіл дәрежелі ЖРВИ клиникасы жалғасуда, катаралды құбылыстары бар, дене қызуы көтерілмеген. ҚХР Ухань қаласынан Ресей Федерациясына (Түмен облысы – 3 адам) және Өзбекстан Республикасына (5 адам) эвакуацияланған Қазақстан Республикасы азаматтарының жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы жоқ, ЖРВИ белгілері мен шағымдары анықталған жоқ. Сондай-ақ, бүгін таңертеңгі сағат 6:05-те Нұр Сұлтан қаласына Қытайдың Пекин қаласынан 36 қаласынан 217 қазақстандық азамат келді. Барлығы медициналық және зертханалық тексеруден өту үшін кемінде 3 күн мерзімге ауруханаға жеткізілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Емдеуге жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген. Республикада қолдаушы терапия үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақстаттағы бұйымдар бар, инфекциялық ауруханаларда оқшаулауға арналған бокстар бар орындар, дәрігерлік және орта медицина персоналы дайындалған. Бұл жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет. Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және туындаған сұрақтар бойынша 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына қоңырау шалуға болады.