• Телефон

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

2020 жылғы 17 ақпандағы Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.

Мәселен, 2020 жылғы 6 қаңтардан 17 ақпанға дейін елімізге 31 375 адам келді.

6 қаңтар – 17 ақпан аралығында Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитариялық-карантиндік пункттерінің мамандары халықаралық әуежайларда және теміржол вокзалдарында Қытаймен шекаралас мемлекеттер арқылы өткізу пункттерінде – 31 363 адамды қарап-тексерді.

Мониторингке барлығы 24 416 келгендер алынды, 23 522 қамтылды, мониторингтен 19 247 алынды, соңғы 14 күнде келген 5169 адам медициналық бақылауда қалды және ауруханаға жатқызылғандар 727 адам.

Бүгінгі күнге дейін ЖРВИ белгілерімен 155 адам көпшіліктен оқшауланып, емдеуге жатқызылды, оның 144 шығарылды, стационарларда медициналық бақылауда 11 адам қалды.

Үш авиарейспен ҚХР-ның Ухань қаласынан және Пекин қаласынан эвакуацияланған Қазақстан Республикасының барлық азаматтары шығарылды. Барлық COVID-19 зерттеу нәтижелері теріс.

ҚХР Ухань қаласынан Ресей Федерациясына (Түмен облысы – 3 адам) және Өзбекстан Республикасына (5 адам) эвакуацияланған Қазақстан Республикасы азаматтарының жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы жоқ, ЖРВИ белгілері мен шағымдары анықталған жоқ.

Емдеуге жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген.