Әлемнің 27 елінде 448 адамнан короновирустық инфекция анықталды.
Дегенмен, Қытайда аталған вирустың таралу қарқыны 31 қаңтар мен 11 ақпан аралығында 3,6 есеге төмендеді (22 пайыздан 6,1 пайызға дейін).
Яғни, Қытайда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталып келе жатқаны байқалады.
Ал Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы күрес шаралары аясында 6 қаңтардан бері мемлекеттік шекаралардағы пункттерде 260 мың 885 адам тексеруден өтті, оның 30 мың 852-сі Қытайдан келген.
Жалпы, дене қызуы жоғары және жедел респираторлық-вирустық инфекцияның симптомдары бар 140 адам ауруханаға жатқызылды, оның 113-і емделіп шықты, 27-сі стационарда. Науқастардын ешқайсысынан коронавирустық инфекция анықталған жоқ.
Еліміздегі Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп коронавирусты жедел анықтайтын диагностикалық жүйе әзірледі. Аталған екі зертханада да қазақстандық және ресейлік өндірістің түрлі тест-жүйелерін пайдаланады. Коронавирустық инфекция жұқытырды деген күдікпен емдеуге жатқызылған және Ухань қаласынан эвакуацияланған 313 адам арнайы тексеруден өтті. Нәтижесінде коронавирус анықталған жоқ.
Сондай-ақ, бүгін таңғы сағат 6:05-те Нұр-Сұлтанға Қытайдың Пекин қаласынан 217 Қазақстан азаматы ұшып келді. Олар коронавирус пен ЖРВИ қарсы медициналық және зертханалық тексеруден өту үшін Нұр-Сұлтан қаласынан 7 шақырым жерде орналасқан стационарға жеткізілді, жерлестеріміз кемінде 3 күн ауруханада болады. Қазір отандастарымыздың денсаулығы қанағаттанарлық.