• Справочная

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

Семей қ. ЖМЖА-да барлық бөлімшелерінде қаржы пирамидалары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Семей қ. ЖМЖА-да барлық бөлімшелерінде қаржы пирамидалары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, науқастар мен мед.қызметкерлеріне алаяқтардың арбауына түспеу, «Жеңіл және жылдам» ақша табу жарнамаларына сенбеу үшін 100 кітапша таратылды.

Қаржы пирамидалары коммерциялық мекеме түрінде тіркеліп, қандай да бір жобаны қаржыландыру мақсатында ақша жинайды. Егер жобаның нақты кірісі инвесторлерге уәде етілген табыстан кем болса, немесе мүлде болмаса, онда жаңа инвесторлардың қаржысының бір бөлігі кірісті төлеуге бағытталады. Мұндай жағдайдың заңды қорытындысы жобаның банкротқа ұшырауы және соңғы инвесторлардың шығынға батуы болып табылады. Себебі жиналған қаржы өтімді активтерді сатып алуға бағытталмайды, алдыңғы мүшелерінің төлемдері, жарнамалар мен ұйымдастырушылардың табысы үшін жұмсалады. Пирамида қаншалықты ұзақ қызмет етсе, ол жабылған кездегі мүмкін болатын қайтарым пайызы соншалықты төмен болады. Қаржы пирамидасының шынайы бизнес жобадан түбегейлі айырмашылығы табыстың төлем көзі болып табылады. Егер табысты төлеу сомасы тұрақты түрде көрсетілген бизнес қамтамасыз ететін қосымша құнның мөлшерінен асып тұрса, көрсетілген жоба пирамида болып табылады. Қаржы пирамидалары заңсыз және көптеген елдерде нақты тыйым салынған: Австралия, Австрия, Албания, Бразилия, Великобритания, Венгрия, Германия, Дания, Доминикан Республикасы, Иран, Исландия, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, Колумбия, Малайзия, Мексика, Непал, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, АҚШ, Таиланд, Тайвань, Түркия, Украина, Филиппины, Франция, Швейцария, Швеция, Шри-Ланка, Эстония, Оңтүстік Африка, Жапония. Біріккен Араб Әмірлігінде қаржы пирамидасын құрғаны және дамытқаны үшін тіпті өлім жазасы кесіледі. Қытайда да бұл үшін өлім жазасына кесілуі мүмкін. Қылмыстық құқында мұндай әрекет үшін жазалайтын жеке баптары жоқ кейбір елдерде қаржы пирамидасын басқа қылмыс түрінде квалификациялауы мүмкін. Мысалы, Беларусь Республикасында 2016 жылғы қыркүйекте халықаралық қаржы пирамидасын құрушылар заңсыз кәсіпкерлік әрекеті үшін ұсталды. «ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ЖЫЛДАМ» АҚША ТУРАЛЫ ЖАРНАМАҒА АЛДАНБАҢЫЗ, ҚЫРАҒЫЛЫҚ ТАНЫТЫП, МҰҚИЯТ БОЛЫҢЫЗ!