• Справочная

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

Семей қ. ЖМЖА жас мамандары мен басшысының құттықтау акциясы

Міне біздің өмірімізге жылылық, шалқыған көңіл мен жасампаздығын ала келетін көктем де келді.

Директоры Е.Т.Буркутов пен директордың орынбасары Г.А.Алибаева бастаған «Семей қ. ЖМЖА» жас мамандары 2019 жылды – Жастар жылы деп жариялаған Елбасының бастамасымен рухтанып, 8 НАУРЫЗ Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай емделуші әйел адамдарға арналған құттықтау акциясын жүргізді. Әйелдерге көктемгі жауқазындар мен әуе шарлары сыйлыққа тартылды. Мереке күндері туған үйлерінен, жақындарынан жырақта, аурухана төсегінде жатқан біздің науқастарға жас дәрігерлерден құттықтау алу жандарына жылулық ұялатты.
Жастар жылының логотипі – тізбектеліп ұшып бара жатқан тырналардың белгісі. Тырнаның көрінісі әділдікті, өміршеңдікті, сонымен қатар шыншыл және мейірімді жанды білдіреді. Бұл қасиет пен ниет медицина қызметкерлерінен басқа кімге тән болуы керек.
Көктем мерекелері медициналық бірлестікте мейірімділік пен жақсылықтың өркендеуі үшін жағымды орта болсын, емделушілермізге денсаулық пен салауатты өмір тілейміз, ал жастар бастаған мейірімділік эстафетасы жүректен жүрекке жетеді!