• Справочная

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі тойланды

Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, бұл – көктем мерекесі, табиғаттың жаңарып, жаңа жыл, жаңа өмір бастауы.

Осы мерекені аурухана көлемінде тойлау үрдіске айналған. Сәуірдің 14 күні аурухана ауласына ақшаңқан киіз үй тігіліп, мереке ерекше салтанатпен атап өтілді. Халқымыздың тұсау кесер, сүндет той, бесік той, қыз ұзату сияқты салт- дәстүрлері көрсетіліп, концерттік бағдарлама өтті.

Мерекені тамашалауға келген қызметкерлермен қатар, арнайы шақырылған қонақтар – қалалық мәслихаттың депутаттары, СМУ-нің ректоры, СМУ-нің профессорлары, ШҚО денсаулық сақтау Басқармасы басшысының Семей қ. бойынша орынбасары, аурухананың ардагер зейнеткерлері салтанатты шараны тамашалады.
Барлық келген қонақтар мен қызметкерлерге наурыз көже мен үлкен қазандағы палаудан, киіз үйдегі ұлттық тағамдардан дәм татты. Киіз үй жанында арқан тарту, гір көтеру, асық ойнау сияқты қызықты ойындар ұйымдастырылды. Сайыстарға ерлер ғана емес, сонымен қатар әйелдер командалары да қызығушылықпен қатысты.

Халқымыздың салт-дәстүрін көрсетіп, ерекше көңіл – күй сыйлаған барлық бөлімшелерге және сайыс жеңімпаздарына аурухана Әкімшілігі мен Кәсіподақ ұйымы атынан қаржылай сыйақы мен сыйлақтар берілді.