• Справочная

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

ШҚО Әкімі Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына келіп кетті

2018 жылдың 6 ақпанында өңіріміздің Басшысы Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына (әрі қарай – ЖМЖА) келіп, медициналық мекеменің жұмысымен танысып кетті.

ЖМЖА-да Даниал Кенжетайұлына мультимедиялық құралдармен жабдықталған ота жасау бөлімі, инсульт орталығы, инсультпен ауырған науқастарды бастапқы кезеңде оңалту залы және ангиограф орнату жоспарланып отырған қарқынды емдеу бөлімі көрсетілді.
9 корпустан тұратын ЖМЖА кешені 2011-2013 жылдар аралығында «Жүз мектеп, жүз аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған, 325 орынға есептелген.
Қазіргі кезде ЖМЖА Семей қаласының, Семей өңірінің және жақын орналасқан аудандардың халқына – жалпы саны 674 334 адамға шұғыл медициналық көмек көрсетеді. Күнделікті орташа есеппен шұғыл медициналық көмекке 150 адам жүгінеді.
Семей қаласында травматологиялық пункті тек ЖМЖА-да бар; мұнда жарақаттанғандарға шұғыл көмек 24/7 тәртібімен көрсетіледі. Тәулігіне травмпунктте орташа есеппен 70-90 адам қаралады.

Сонымен қатар, ауруханада жаңа құралдармен жабдықталған физиотерапия бөлімі мен 2 емдік дене шынықтыру залы жұмыс істейді; бұл жерде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде инсульттан, жарақаттан, өкпе аурулары мен жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан кейінгі бастапқы қалпына келтіру кезеңінде белсенді оңалту жүргізіледі.
ЖМЖА бөлімшелерінің базасында Диабет мектебі, Инсульт мектебі, Артериалдық Гипертония мектебі, Демікпе-орталығы құрылып, табысты жұмыс істеуде; бұл жерде емделушілерді заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес өз ауруларын басқара білуге үйретеді.

Жыл сайын ЖМЖА-ның мамандары отандық медициналық білім беру және ғылыми ұйымдарында ғана емес, сонымен бірге шет елдерде біліктіліктерін көтеру курстарын өтеді.
Осылай, 2017 жылы Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің қолдауымен ЖМЖА-ның 9 дәрігері Ұлыбританиядағы Лондон қаласының клиникаларында оқып, білім алып келді.
Өткен сапар барысында өңір Басшысының Ұлыбританияда оқып келген дәрігерлермен кездесуі өтті.