• Справочная

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

ЖЖМА-да «Нұр Отан» бастапқы партиялық тобының жаңа мүшелеріне партия билеттері табыс етілді.

Жедел медициналық жәрдем ауруханасында «Нұр Отан» бастапқы партиялық тобының жаңа мүшелеріне партия билеттері табыс етілді.

Ұйымның бастапқы партиялық тобы жиналысының шеңберінде «Нұр Отан» партиясы филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Қайрат Құлбайұлы Тастекеев сөз сөйледі. Өзінің сөзінде ол Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауының өзекті мәселелеріне тоқтады. Спикер заманауи медицинаның аурудың алдын алу, қоғамның салауаттылығын басқаруды күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау, диагностика мен амбулаторлық емді қашықтықта жүргізу, сонымен қатар медициналық көмектің мобильді сандық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық төлқұжаттарын енгізу және «қағазсыз» ауруханаларға көшу арқылы қол жетімділігі мен нәтижелігін көтеруге бағытталатынын атап өтті.

Қ.Қ.Тастекеевтің баяндамасынан кейін Семей қ. «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Зүлфия Фазылжанқызы Жамалтдинова салтанатты түрде бастапқы партия тобының 11 жаңа мүшелеріне партиялық билеттерін тапсырып, оларға аурухана мен қаланың қоғамдық жұмыстарында табыстар тіледі.
2018 жылдың басынан ЖМЖА-ның 210 қызметкерлері «Нұр Отан» партиясына жаңадан мүше болып кірді.