• Справочная

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

Онкологиялық науқастарға кез-келген медициналық көмек

Онкологиялық науқастарға кез-келген медициналық көмек, оның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сақтандыру мәртебесіне қарамастан ТМККК аясында тегін көрсетіледі. ⠀ Диагностика мен емдеу төлемдерін, мемлекет әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры арқылы жүзеге асырады. Сондықтан, онкологиялық аурулары бар науқастарға медициналық көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы МӘМС-ға хабарласыңыз. ⠀ Сонымен қатар, МӘМС жүйесі онкологиялық аурулардың […]

Онкологиялық науқастарға кез-келген медициналық көмек, оның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сақтандыру мәртебесіне қарамастан ТМККК аясында тегін көрсетіледі. ⠀ Диагностика мен емдеу төлемдерін, мемлекет әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры арқылы жүзеге асырады. Сондықтан, онкологиялық аурулары бар науқастарға медициналық көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы МӘМС-ға хабарласыңыз. ⠀ Сонымен қатар, МӘМС жүйесі онкологиялық аурулардың қауіпін және алдын-алудың маңыздылығын ескере отырып, қатерлі ісік ауруын ерте анықтауға және бейімділігін білуге скринингтердің бірнеше түрін қарастырады: сүт безі қатерлі ісігі кезінде (әйелдер үшін – 40 жастан 70 жасқа дейін), тік ішек қатерлі ісігі кезінде (ерлер мен әйелдер үшін – 50 жастан 70 жасқа дейін), жатыр мойны ісігі үшін (әйелдер үшін – 30 жастан 70 жасқа дейін). Сақтандырылған азаматтар тіркелген жеріндегі емханадан ақысыз өте алады.