• Телефон

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген  «Мемлекеттік қызметтер реестріне» сәйкес ЖМЖА көрсететін мемлекеттік қызметтер:

Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру

ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН КӨЛЕМІ. КІМ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН КӨЛЕМІН АЛА АЛАДЫ?

Қазақстанның әр азаматы Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек (ККТМК) алуға құқылы.
Үкіметтің қаулысына сәйкес, тегін медициналық көмек Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға беріледі. Тегін медициналық көмек бюджет есебінен көрсетіледі және оған тиімділігі дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер жатады. Қазақстандағы денсаулық сақтау республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.

Республикалық бюджет есебінен көрсетілетін ККТМК-ке келесілер жатады:
1) мамандырылған медициналық көмек көрсету, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымының жолдамасы бойынша балалар мен ересектерге реабилитациялық көмек көрсету: хирургиялық, нейрохирургиялық, уронефрологиялық, психиатриялық, онкологиялық және радиологиялық, дерматологиялық және венерологиялық, офтальмологиялық, кардиологиялық, акушерлік-гинекологиялық, сондай-ақ денсаулыққа зиян әрі қауіпті өндірістік факторларға, туберкулез бен алапеске байланысты аурулар;
2) АИТВ жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету;
3) төтенше жағдайлар нәтижесінде пайда болған ауруларға байланысты медициналық көмек көрсету;
4) сот-медицина сараптамасы.

Республикалық бюджет есебінен көрсетілетін ККТМК-ке келесілер жатады:

1) мамандырылған амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы қызметкерлер көрсететін алғашқы медициналық-санитарлық, консультативтік-диагностикалық көмек. Тегін медициналық көмек алғашқы медициналық-санитариялық көмек қызметкерінің жолдамасы бойынша көрсетіледі. 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті әйелдер мен тісі ауырсынып келген науқастарға да стоматологиялық қызмет тегін көрсетіледі, бұған ортодонттық қызмет жатпайды. 18 жасқа толмаған балаларға физиотерапевтикалық қызмет тегін көрсетіледі;
2) жедел жәрдем қызметтері;
3) жергілікті деңгейде балалар мен ересектерге стационарлық медициналық көмек көрсету, оның ішінде оңалту қызметі:

  • жедел жәрдем;
  • алғашқы медициналық-санитарлық қызмет маманының жолдамасы негізінде аурулардың барлық түрлері бойынша жоспарлы қызмет көрсету, оның ішінде:  онкологиялық, психоневрологиялық, инфекциялық,офтальмологиялық, хирургиялық, нейрохирургиялық, ортопедиялық, уронефрологиялық, терапевтикалық, травматологиялық, дерматологиялық және венерологиялық, жүкті әйелдер мен гинекологиялық аурулар, алкоголизм және наркомания, туберкулез, қант диабеті, бронх және өкпе аурулары;

4) АИТВ жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету;
5) төтенше жағдайлар нәтижесінде пайда болған ауруларға байланысты медициналық көмек көрсету;