• Справочная

    8 (7222) 777-338
  • Адрес

    ул. Мичурина 140А
  • Время работы

    Круглосуточно

СЕКУНДТАР ӨМІРДІ САҚТАЙДЫ. ҚОЛЫҢЫЗДЫ ТАЗА ҰСТАҢЫЗ!

Бүгін, 2009 жылдан бастап жыл сайын 5 мамырда атап өтілетін Дүниежүзілік қол гигиенасы күні. Биылғы жылдың ұраны -“Секундтар өмірді сақтайды. Қолыңызды таза ұстаңыз!”, бірінші кезекте медицина қызметкерлері мен медициналық мекемелерді медициналық көмек көрсету және пациентке күтім жасау орындарында қол гигиенасының тиімді шараларына қол жеткізуге шақыру.

Қол гигиенасы – қауіпті микроорганизмдердің таралуын болдырмауға және медициналық көмекке байланысты инфекциялардың таралуын болдырмауға арналған маңызды алдын-алу шарасы.
Кез келген медицина қызметкері, сондай-ақ пациентке күтім жасайтын барлық адамдар қол гигиенасын қамтамасыз етуге мүдделі болуы және қол гигиенасы үшін 5️⃣ негізгі қадамды орындауы тиіс: пациентпен байланысу алдында, медициналық манипуляция алдында, пациентпен, оның биологиялық материалымен немесе сыртқы орта объектілерімен байланысқаннан кейін.
Есіңізде болсын, науқастың өмірі сіздің қолыңызда!
⏱️ 👐🧼 Секундтар өмірді сақтайды. Қолыңызды таза ұстаңыз!