Настоятельно просим сдать кровь
Ждём визита к нам
Достаточное количество компонентов
Қанды донор ретінде тапсыруға қалай дайындалу керек?
Донациядан кейін жағымсыз әсерлердің алдын алу және процедураға рұқсат алу үшін оған алдын ала дұрыс дайындалу қажет.
Қан тапсырар алдындағы күні донор ауыр физикалық жүктемеден аулақ болуы тиіс, ал процедура алдындағы түнде жақсылап ұйықтау қажет.
Қанды аш қарынға тапсыруға қатаң түрде болмайды. Таңғы асқа көмірсуға бай тағамдарды таңдаған дұрыс, мысалы, тәтті шай немесе калориясы жоғары десерт. Бірақ белгілі бір шектеулер бар. Материал тапсыруға 24 сағат қалғанда және процедура алдында мына өнімдерді тұтынуға тыйым салынады: жұмыртқа, ет, сүзбе, сүт, жаңғақ, шұжық пен ысталған тағамдар, шоколад, банан, құрма, өсімдік және майлы сары май, фастфуд.
Дәрігер қабылдауында өзіңіздің денсаулығыңыз туралы, соның ішінде қабылдап жатқан дәрілер жайлы толық әрі шынайы ақпарат беріңіз.
Процедураға 48 сағат қалғанда алкоголь ішпеңіз. Процедурадан бір сағат бұрын темекі шекпеңіз.
Қан тапсырғаннан кейінгі ұсыныстар
Донациядан кейін бас айналуды болдырмау үшін кем дегенде 15 минут жатып немесе отырып демалу қажет. Осы уақыт ішінде қан қысымы тұрақталады.
Процедурадан кейінгі тәулікте ауыр физикалық жүктемеден және моншаға барудан аулақ болыңыз.
Донация күні су немесе шайды көбірек ішіңіз. Бұл ағзаның сұйықтық қорын тез қалпына келтіруге көмектеседі. Сол күні тамақтану құнарлы әрі теңгерімді болуы тиіс.
Донорлыққа тұрақты қарсы көрсетілімдер:
Жұқпалы және паразиттік аурулар: адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ-инфекция), В және С вирустық гепатиттері, сифилис (тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған), туберкулез (барлық түрлері), бруцеллез, сүзек (сыпной тиф), туляремия, лепра (Гансен ауруы), африкалық трипаносомоз, Шагас ауруы, лейшманиоз, токсоплазмоз, бабезиоз, созылмалы Q-қызбасы, эхинококкоз, филляриатоз, дракункулез, сондай-ақ АИТВ-инфекция маркерлеріне, В және С вирустық гепатит маркерлеріне, сифилис қоздырғышы маркерлеріне қайта анықталған оң нәтиже.
Қатерлі ісіктер (онкологиялық аурулар).
Қан және қан түзуші органдар аурулары, сондай-ақ иммундық механизмге байланысты бұзылыстар.
Орталық жүйке жүйесінің аурулары (органикалық бұзылыстар).
Есту және (немесе) сөйлеу, және (немесе) көру қабілетінің толық болмауы.
Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары (өршу кезеңінде және/немесе науқас пен қоршағандарға қауіп төндіретін жағдайлар).
Психоактивті заттарды қолдануға байланысты психикалық және мінез-құлық бұзылыстары.
Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары (II–III дәрежелі гипертониялық ауру, ишемиялық жүрек ауруы, облитерирлеуші тромбангиит, ерекше емес аортоартериит, флебит және тромбофлебит, эндокардит, миокардит, жүрек ақауы (туа біткен, жүре пайда болған)).
Тыныс алу жүйесі аурулары (бронхиалды астма, бронхоэктазиялық ауру, эмфизема).
Асқорыту жүйесі аурулары (ахилиялық гастрит, созылмалы бауыр аурулары, оның ішінде нақтыланбаған, бауырдың токсикалық зақымдануы, қайталанатын ұстамалармен және холангит белгілерімен өтетін калькулезді холецистит, бауыр циррозы).
Несеп-жыныс жүйесі аурулары декомпенсация сатысында (бүйректің диффузды және ошақты зақымдануы, несеп-тас ауруы).
Дәнекер тінінің аурулары, сондай-ақ жедел және (немесе) созылмалы остеомиелит.
Сәулелік ауру.
Эндокриндік жүйе аурулары декомпенсация сатысында.
Көз және оның қосалқы құрылымдарының аурулары (увеит, ирит, иридоциклит, хориоретинит, трахома, миопия 6 диоптриядан жоғары).
Тері және теріасты тіндерінің аурулары (псориаз, эритема, экзема, пиодермия, сикоз, пемфигус (көпіршікті дерматоз), дерматофития, фурункулез).
Операциялар (резекция, ампутация, ағзаны алып тастау (асқазан, бүйрек, көкбауыр, аналық бездер, жатын және т.б.), ағзалар мен тіндерді трансплантациялау, I және II топ мүгедектігіне әкелген жағдайлар, ксенотрансплантация).
Еңбекке қабілеттіліктің тұрақты жоғалуы (I және II топ мүгедектігі).
Афераз әдісімен алынатын эритроцит массасының 2 бірлігін беру үшін әйел донорларға тыйым салынады.
АИТВ, В және С гепатиттері және сифилис қоздырғышына маркерлер бойынша қайталанатын бейспецификалық реакциялары бар тұлғалар.
Эритроцит антигендеріне қарсы қайталанатын аллоиммунды антиденелері бар тұлғалар (дәрілік препараттар өндірісіне арналған плазма донорларын қоспағанда).
Қайталанатын экстраагглютинины анти-А1 бар тұлғалар (дәрілік препараттар өндірісіне арналған плазма донорларын қоспағанда).
© 2024. АО ДСБ "Жедел медициналық жәрдем ауруханасы" ШЖҚ КМК