Назар аударыңыз, МРТ зерттеуін жүргізу кезіндегі магнит өрісі Жердің магнит өрісінен 10 000 есеге жуық артық болады, сондықтан МРТ жүргізуге жас мөлшерінің шектеу болмағанымен, зерттеуді жүргізу кезінде белгілі бір талаптар сақталып, барлық қарсы көрсетілімдер есепке алынуы керек.
МРТ жүргізуге бірнеше шектеулер қойылады. Бұл шектеулердің тізімі «МРТ жүргізуге қойылатын қарсы көрсентілімдер және шектеулер» тармағында көрсетіледі, және аурухана мамандары емделушіні таныстырады.
Зерттеу алдында сізге анкета толтыру керек, онда өзіңіз, денсаулық жағдайыңыз туралы, оның ішінде зерттеуге деген ықтимал шектеулерді анықтау мақсатында қысқаша ақпарат бересіз.
Зерттеуге емделуші арнайы үй-жайға шақырылады, онда киім ауыстыруға және жеке заттарды сақтауға арналған кабинкалар бар. Дұрыс зерттеу жүргізуге еш нәрсе кедергі келтірмеуі үшін үстінен металы бар барлық киімдерді (темір түймесі бар жейде, ширағы бар шалбар және т.б.) шешеді, қалталарынан барлық темір заттарды (кілттер, тиындар және т.б.), тагнитті тасымалдағыштарды (қалта телефонын, «флешка», кредит карталары) алып шығады, металл әшекейлер мен сағаттарды шешеді. Қалауыңыз бойынша сізге бір рет киетін киім беріледі.
Назар аударыңыз, әшекейлі косметиканың кейбір түрлерінде (мысалы, кірпікке арналған сүрмеде) металл қоспалары болады, бұл дұрыс және нақты зерттеу жүргізуге кедергі келтіреді, сондықтан тексеру жүргізер алдында косметиканы кетіріп тастаған жөн. Металл тістер, әдетте зерттеу сапасына қатты әсер етпейді.
Қажет болған жағдайда емделушіні мейіргер қол металлдетекторының көмегімен тексеруіне болады. Кабинка мен бағалы заттар сақталатын жердің кілті мейіргшерде немесе қабылдау орнынынң әкімгерінде болады.
Емделуші зерттеу жүргізетін бөлмеге шақырылады, онда магнитті-резонансты томограф түтігі ішіне жатады. Тексеру аймағы шараны тағайындаған дәрігердің жазбасымен немесе емделушінің талабымен анықталады. Сонымен бірге, біздің дәрігеріміз зерттеуді орнында жасауға өзінің ұсынымдарын береді.
Шараның жүргізілу уақыты (бір аймақты зерттеу немесе бір «салу») 10-20 минутқа жуық, бұл жерде қозғалмай жатуға тырысу керек, себебі түсіру сапасы осыған байланысты болады. Аппараттың өзі жұмыс істеп тұрған кезде сіз бірқалыпты дүрсіл естисіз, бұл құрылғының қалыпты жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді.
Томограф жұмыс істеп тұрағн кезде ол бөлмеде бөтен адамдар болуына болмайтындықтан, дәрігер емделушіні арнайы терезеден және бейнекамераның көмегімен бақылайды. Егер қандай да бір қажеттілік болса, сіз арнайы тетікті басу арқылы дабыл белгісін беріп немесе сөйлесу құралының көмегімен дәрігермен сөйлесе аласыз.
Бастапқы зерттеу аймағы сіздің ағзаңызға сапалы диагностика жүргізуге жеткіліксіз болатын жағдайлар болуы мүмкін, ондай кезде сізге қосымша зерттеу ұсынылады. Біршама нақты нәтижеге қол жеткізу үшін тағы да контраст зат енгізу қажет болуы мүмкін. Бұған арнап енгізілетін заттар венаішіне енгізіледі; мұндай шара әдетте жағымсыз сезім тудырмайды және кері әсер тудырмайды. Мұндай кезде сізге қосымша қызметтің бағасы туралы алдын ала ақпарат береді.
Зерттеу жүргізілгеннен кейін 20-30 минут өткен соң дәрігер сізге дайын қорытындыны (зерттеу хаттамасын) және суретін береді. Қорытынды мен суреттер қағазға шығарылып, зерттеу қорытындысы бар DVD-диск беріледі, ал қажеттілік болса жүргізілген зерттеу суреттерін рентген пленкасымен алуға болады. Зерттеу қорытындысы бар DVD-дискте қажетті қарау-бағдарламасы қойылған болады.
Бізде консультация ақылы, оны сіз соло рында біздің мамандардан ала аласыз. Консультацияның бағасы Клиника прейскурантында көрсетілген.
© 2024. АО ДСБ "Жедел медициналық жәрдем ауруханасы" ШЖҚ КМК