Пациенттің денсаулық жағдайы туралы ақпарат беру тәртібі
Абай облысы ДСБ «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы»” ШЖҚ КМК (әрі қарай — ЖМЖА) стационарда ем алып жатқан пациенттердің туыстары мен жақындарына пациенттің денсаулық жағдайы туралы ақпарат берудің төмендегідей тәртібін белгілейді:
- ЖМЖА стационарында ем алып жатқан пациенттің денсаулық жағдайы туралы ақпарат тек пациенттің өзі немесе оның заңды өкілі медициналық араласуға ақпараттандырылған ерікті келісім бланкісінде дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді беруге рұқсат еткен тұлғаларға ғана беріледі.
- Пациенттің өзі немесе оның заңды өкілі ақпарат алуға келісім берген тұлғаларға пациенттің денсаулық жағдайы туралы ақпаратты емдеуші дәрігер, операция жасаушы хирург, бөлімше меңгерушісі, реаниматолог дәрігер немесе пациент реанимация бөлімшесінде болған жағдайда реанимация бөлімшесінің меңгерушісі бере алады.
- Пациент туралы ақпарат тек жеке әңгімелесу арқылы — емдеуші дәрігермен немесе бөлімше меңгерушісімен беріледі. Пациент немесе оның заңды өкілі ақпарат алатын нақты тұлғаны көрсеткен жағдайда, ақпарат беру міндетті түрде бетпе-бет түрде жүзеге асырылады: жеке басын куәландыратын құжаттар ұсынылып, олардың деректері келісімде көрсетілген мәліметтермен салыстырылады.
- Жұмыс күндері пациенттің денсаулық жағдайы туралы ақпарат емдеуші дәрігер немесе операция жасаушы хирургпен жеке қабылдау кезінде беріледі.
- Сағат 16:00-ден кейін реанимация бөліміне ауыстырылған пациенттер туралы ақпарат сол күні кезекші реаниматолог дәрігермен жеке кездесу кезінде беріледі.
- Реанимация бөлімшесінде ем алып жатқан пациенттердің жағдайы туралы ақпарат реаниматолог дәрігер және/немесе реанимация бөлімшесінің меңгерушісімен жеке кездесу кезінде 12:00–13:00 және 19:00–20:00 аралығында беріледі.
- Демалыс және мереке күндері анестезиология және реанимация бөлімшесінде ем алып жатқан пациенттердің денсаулық жағдайы туралы ақпарат кезекші реаниматолог дәрігермен жеке кездесу кезінде 12:00–13:00 және 19:00–20:00 аралығында беріледі.
- Бөлімше меңгерушісінен ақпарат жұмыс уақытында жеке қабылдау кезінде алынады.
- Осы Тәртіптің 2-тармағында көрсетілген тұлғалардан басқа БСМП қызметкерлеріне пациенттің жағдайы туралы қандай да бір ақпарат беруге тыйым салынады.
- Пациенттің өміріне қауіп төндіретін жағдай нашарлаған кезде, жұмыс уақытында емдеуші дәрігер немесе операция жасаушы хирург туыстарымен байланысқа шығып, хабардар етеді.
Пациент қайтыс болған жағдайда, жұмыс уақытында емдеуші дәрігер немесе операция жасаушы хирург туыстарымен байланысып, болған жағдай туралы хабарлайды; кешкі–түнгі уақытта және демалыс күндері — кезекші дәрігер немесе ЖМЖА жауапты кезекші дәрігері хабарлайды