Қан донорлығы

Донорлық — бұл емделуге мұқтаж басқа адамға көмектесу мақсатында өз қаныңды ерікті түрде тапсыру. Бұл терминнің негізінде латын тіліндегі «donare» сөзі жатыр, ол «сыйлау», «беру» деген мағынаны білдіреді. Донация — донордан қан немесе оның компоненттерін алу үдерісі. Донор бола алатын тұлғалар Қазақстан Республикасында донор болу үшін жеке тұлға: он сегіз жасқа толған; тиісті медициналық тексеруден […]

0(I)
Rh+
0(I)
Rh-
A(II)
Rh+
A(II)
Rh-
B(III)
Rh+
B(III)
Rh-
AB(IV)
Rh+
AB(IV)
Rh-

Настоятельно просим сдать кровь

Ждём визита к нам

Достаточное количество компонентов

Қан донорлығы

Донорлық — бұл емделуге мұқтаж басқа адамға көмектесу мақсатында өз қаныңды ерікті түрде тапсыру. Бұл терминнің негізінде латын тіліндегі «donare» сөзі жатыр, ол «сыйлау», «беру» деген мағынаны білдіреді.

Донация — донордан қан немесе оның компоненттерін алу үдерісі.

Донор бола алатын тұлғалар

Қазақстан Республикасында донор болу үшін жеке тұлға:

  • он сегіз жасқа толған;

  • тиісті медициналық тексеруден өткен;

  • қарсы көрсетілімдері жоқ;

  • қанды және оның компоненттерін медициналық мақсатта тапсыруға ерікті түрде ниет білдірген болуы тиіс.

Донорлықтың түрлері

Донация түріне қарай:

Қан донорлығы — донор толық қанды тапсырады. Қазақстан Республикасында бір рет тапсырылатын қан мөлшері 450 мл ± 10% болып есептеледі. Донация рәсімі әдетте 15 минуттан аспайды. Одан кейін донор толық қалпына келеді және 60 күннен соң қайтадан толық қан тапсыра алады.

Плазма донорлығы (плазмаферез), соның ішінде иммундық плазма — донор қанның тек сұйық бөлігі – плазманы тапсырады. Бұл рәсімді 14 күннен кейін қайта өткізуге болады.

Қан жасушаларының донорлығы — қанның жасушалық компоненттерін (тромбоциттер, эритроциттер, лейкоциттер (лимфоциттер, гранулоциттер), шеткері гемопоэтикалық жасушалар, бластоциттер, неоциттер) бөліп алу және жинау.

Айта кету керек, компоненттерге қажеттілікке байланысты дайындалады. Бұл олардың сақтау мерзімінің шектеулі болуына байланысты.

Мотивациясына қарай:

Өтеусіз — донорға берілетін кепілдіктерден басқа, ақшалай сыйақысыз жүзеге асырылатын қан мен оның компоненттерін тапсыру.

Ақылы — қан мен оның компоненттерін ақылы негізде тапсыру.

Қызықты дерек: Өтеусіз донациялар қауіпсіздеу болып саналады, өйткені донорларда жеке пайда көздеу ниеті болмайды.

Донорлық қанды кімдер қажет етеді?

  • ауыр дәрежедегі көптеген күйік алған науқастар;

  • жол-көлік оқиғалары, жарақаттар, операциялар мен босану кезінде көп қан жоғалтқан науқастар;

  • ауыр анемиясы бар адамдар;

  • гематологиялық немесе іріңді-септикалық аурулары бар науқастар;

  • қатты қан кетуі бар адамдар және т.б.

Өкінішке қарай, қан құюды қажет ететін науқастардың қатарында жиі балалар да болады.

© 2024. АО ДСБ "Жедел медициналық жәрдем ауруханасы" ШЖҚ КМК