Бағалар ж/е қызметтер

Ақылы медициналық қызметті көрсетудің шарты мен тәртібі.

Ақылы медициналық қызмет көрсету келесі жағдайларда жүргізіледі:

1)емделушінің бастамасы бойынша жоспарлы диагностикалық және емдеу қызметтерін көрсетуде, оның ішінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету және денсаулық сақтау ұйымының маманының жолдамасынсыз;

2) емделушінің бастамасы бойынша профилактикалық қызмет көрсетуде;

3)тиісті мемлекеттік тапсырысты орындамайтын ұйымдарда емделушінің жазбаша келісімімен шұғыл медициналық көмек көрсетуде;

4) емделушінің жазбаша келісімімен, медициналық көрсеткіштер бойынша негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік құралдардың Тізіміне кірмейтін дәрі-дәрмектермен емдегенде;

5) осы ереженің 14 тармағында көрсетілген азаматтар тобын қоспағанда, ТМККК тізіміне кірмейтін қымбат тұратын медициналық зерттеулерді жүргізу кезінде;

6) шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқтарға ТМККК тыс медициналық көмек көрсету кезінде;

7) ТМККК кірмейтін санаторлық емдеу кезінде;

8) азаматтарға жұмысқа және оқуға кіру үшін медициналық тексеруден өткенде;

9) өндіріспен келісім бойынша медициналық көмек көрсету кезенде, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру;

10) қосымша сервистік қызмет көрсету кезінде;

11) ұйым бекітілген ішкі тәртіптемесі, жұмыс кестесі, мамандардың қабылдау кестесіне сәйкес медициналық қызметтер, оның ішінде ақылы қызмет көрсетеді.

12) Ақылы негіздегі стационарлық көмек жеке бөлімшелерде (палаталарда) жүргізіледі.

Бюджет қаржысы есебінен алынған медициналық жабдықтар кестеге сәйкес (4 Қосымша) ақылы медициналық қызметтер көрсетуде пайдаланылады.

Ұйым денсаулық сақтау саласының өкілетті орындары бекіткен диагностикалық және емдеу стандарттарына (хаттамаларына) сәйкес медициналық қызметті, оның ішінде ақылы қызметтерді жүргізеді, ал олар болмаса, көпшілік мақұлдаған тәртіпке сәйкес медициналық көрсетілімдер бойынша.

Қызметті көрсетуші ұйым, сонымен бірге тікелей маман Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауап береді:

– сапасыз көрсетілген медициналық қызметтер үшін;

– келісім шарттарын орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін;

– көрсетілген қызмет үшін артық төлем алғанда;

– ТМККК кіретін қызметтер үшін ақы алғаны үшін;

– медициналық қызметтің сапасын бақылау саласындағы мемлекеттік орынмен өткізілген тексеру кезінде анықталған факт бойынша, табыс табу мақсатында диагностикалық және емдеу манипуляциялары негізсіз тағайындалса.

Емделушіні ақылы негізде жатқызу кезінде емделушімен келісім бекітіледі, онда денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызмет көрсету ережесіне және ҚРДСӘҚМ 2015 жылғы 30 сәуірдегі №304 «Ұйымдарда ақылы қызметтер көрсету Ережелерін бекіту туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізілетін ақылы қызметтен түскен қаржыны пайдалану тәртібі туралы Қосымшаға сәйкес стационарда жату ережесі мен шарттары, емдеу құны мен төлем тәртібі, екі жақтың құқы, міндеттері мен жауапкершілігі көрсетіледі.

© 2024. АО ДСБ "Жедел медициналық жәрдем ауруханасы" ШЖҚ КМК