Пациенттерге

КТ тәсілімен зерттеу күні

КТ әдісімен зерттеу жүргізу күні сіз әдеттегідей тамақтанып, сусындар іше аласыз.

Сканерлеу шарасы алдында

КТ әдісімен зерттеу алдында сізге аурухана жейдесін кию керек болуы мүмкін.

Ауыз арқылы контраст затты қолдану жағдайында сіз оны зерттеу алдында іше бастайсыз.

Көктамыр ішіне контраст затты енгізу жағдайында:

-Сізді емдеу тобының өкілі сізден бүйрек ауруларынан зардап шектпейтіндігіңізді анықтайды;

-бүйрек қызметі бұзылмағандығы;

-бүйрегіңізге ота жасалмағандығы;

-диабетттің бар немесе жоқ екенін;

-сіз  metformin немесе құрамында metformin дәрі (мысалы Glucophage®, Glumetza® немесе Janumet®) ішпейтіндігіңізді сұрайды.

Егер сіз осы сұрақтарың кез келгеніне «иә» деп жауап берсеңіз немесе сіз 70 жасқа толған болсаңыз, КТ әдісімен зерттеу жүргізу алдында сізге қан сарысуының креатининін анықтау деп аталатын қан талдауы жүргізіледі. Егер КТ әдісімен зерттеу жүргізуді тағайындаған дәрігер алдын ала қан сарысуындағы креатинин деңгейін тексермесе, оны біз зерттеу алдында  анықтаймыз .

Егер сізге ОКК қойылмаса, мейіргер қолдағы немесе қолдың басына көктамыр ішіне (КІ) катетер қояды. КІ немесе ОКК арқылы сізге контраст зат енгізіледі.

Сканерлеу шарасы кезінде

Сіздің шараңыздың уақыты келгенде зертханашы сізді кабинетке апарып, сканерлеу үшін аппарат үстеліне жатуға көмектеседі. КТ аппараты ортасында тесігі бар үлкен бүйрекше бәрішке ұқсайды. Бұл диагнтсикалық сканерлеу сақинасы. Мұнда МРТ-томографтағы сияқты түтік жоқ. Сіз үстелге жатқаннан кейін, үстел баяу диагностикалық сканерлеу сақинасы арқылы өтеді. Сақинадан өткен кезде сканерлеу процесі аяқталғанға дейін сіз мүлде қозғалмай жатуыңыз керек.

Зертханашы алғашқы суреттер тобын жасап біткеннен кейін сізге КІ катетері немесе ОКК арқылы контраст затты енгізеді. Сіз жылу сезінесіз және аузыңызға аздаған металл дәмі келеуі мүмкін. Егер сіз КІ катетеріне енгізу орнында ауырсынуды сезсеңіз, немесе сізде қышу, ісіну, бас айналу сияқты белгілер пайда болса, немесе тыныс алу ауырлау мәселесі немесе талып қалу алдындағы жағдайды сезінсеңіз, ол туралы мейіргерге хабарлаңыз.

КТ-сканерлеуінің уақыты 30 минуттан аспайды.

Сканерлеу аяқталғаннан кейін

Егер сізгі КІ катетері қойылған болса, мейіргер оны алып шығып, орнына таңғыш салады. Егер қан кету болмаса, таңғышты сіз 1 сағаттан кейін алып тастауыңызға болады.

Егер сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, немесе сізде сұрақтар мен қауптену туындаса дәрігермен немесе зертханашымен сөйлесіңіз.

Сізде мынадай симптомдар болса мейіргерге хабарлаңыз:

-қышу;

-бөрткен;

-бас айналу;

– тыны салу мәселелері;

-әлсіреу сезімі немесе талу алды жағдайы;

-ВІ катетері қойылған орын аймағында ісіне немесе жайсыздық сезінсеңіз.

Үйде

Көп мөлшерде сұйық ішіңіз, әсіресе КТ әдісімен зерттеу жүргізгеннен кейін 24 сағат бойы. Су сіздің ағзаңыздағы контраст затты шығаруға көмектеседі.

© 2024. АО ДСБ "Жедел медициналық жәрдем ауруханасы" ШЖҚ КМК