МӘМС

МӘМС деген не?

Міндетті медициналық сақтандыру 2017 жылы Қазақстанда басты енгізулердің бірі болды. Егер бұрын медициналық сақтандыру көптеген жылдар бойы санатта ерікті ретінде жүзеге асырылған болса, Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыруды енгізу өзімен бірге орасан зор өзгерістер әкеледі.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстанға заманмен қатар жүруге, сондай-ақ сақтандыру нарығын одан әрі дамытуды ынталандыруға көмектеседі. Өйткені, әлемнің дамыған мемлекеттерінде медициналық сақтандыру қолданылатыны және өмірдің негізгі бөлігі болып табылатыны ешкімге құпия емес.

Мемлекет тегін медициналық көмекке кепілдік береді:

  • Жедел медициналық көмек және санитарлық авиация.
  • Уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы жоқ адамдарға көрстілетін амбулаториялық-емханалық көмек. бастапқы; бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының және профилдік мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек.
  • Стационарлық көмек: жоспарлы стационарлық көмек – тек қана уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде – уәкілетті орган айқындайтын емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланған санының шеңберінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша; шұғыл көрсетімдер бойынша – жолдаманың бар-жоғына қарамастан.
  • Уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде, – бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын көмек.
  • Профилактикалық егулер.

 

МӘМС-ға келесі кіреді:

  • Келесіні қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек (уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде медициналық көмекті ескермегенде): бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының және профилдік мамандардың жолдамасы бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек, консультациялық-диагностикалық көмек. Дәрігердің рецепті бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
  • Жоспарлы стационарлық көмек (уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде көрсетілітін медициналық көмекті қоспағанда): жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қоса алғанда емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланған санының шеңберінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, шұғыл көрсетімдер бойынша – бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдаманың бар-жоғына қарамастан.
  • Стационарды алмастыратын көмек (уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде көрсетілітін медициналық көмекті қоспағанда) – бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша.

© 2024. АО ДСБ "Жедел медициналық жәрдем ауруханасы" ШЖҚ КМК