• Call-центр

    8(7222) 60-10-54

    8(775) 030 16 07

  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

Біз облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы ұйымдастырып отырған челленджді қолдаймыз

Біз Қазақстан үшін, туберкулезден азат елміз!»
Көптеген жылдар бойы «туберкулез – бұл айтуға болмайтын ауру» деген пікір қалыптасып келді. Бұған бірден-бір халық арасында негізсіз қорқыныш пен жеткілікті ақпараттың болмауы да себеп болды. Стереотиптер мен түрлі аңыздар стигманы тудырды – мысалы, адам есірткі, алкоголь қолданған немесе тіпті көшеде тұратындықтан туберкулезбен ауырған деган пікірлер дендеп алды.
Біздің әрқайсымыз туберкулездің-жағдайы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, әркім ауыра алатын жұқпалы ауру екенін түсінуіміз керек.
«Бүгінде туберкулезді толықтай емдеуге болады! Бұл уақыт пен шыдамдылықты қажет етеді, өйткені емдеу курсы жеңіл жағдайларда бірнеше айдан ауыр және асқынған жағдайларда бірнеше жылға дейін созылады. Біздің көптеген пациенттер өздерінің аурулары туралы достарынан, әріптестерінен, таныстарынан жасырады, өйткені олар стигматизациядан ғана емес, кемсітушіліктен де қорқады (әрекет немесе әрекетсіздік, туберкулезбен ауыратын адамдарға қатысты айырмашылықтар).Қоғам туберкулез өзінің мифтері мен стереотиптерімен ауырған адам мен оның барлық отбасы мүшелері үшін күрделі сынақ екенін түсінуі тиіс», — деп жазды өз әлеуметтік желілерінде челленджді қолдаған пост авторлары.
Уақытылы қолдау туберкулезбен ауыратын адамдарға емдеуді аяқтау үшін өз қорқынышы мен шыдамдылығын жеңуге күш беретінін бәріміз есте ұстауымыз керек.
Туберкулез туралы, осы аурудан зардап шеккен адамдар туралы қоғамдық пікірді өзгерту уақыты келді. Біздің әрқайсымызды қолдау туберкулезсіз Қазақстанның болашағына үлес қосатын болады!