Менингококк инфекциясына микробиологиялық зерттеулер жүргізу үшін биологиялық материал алу ерекшеліктеріне қатысты сұрақтарға микробиологиялық зертхананың меңгерушісі Б.С.Абілова жауап берді.
Менингококк инфекциясының клиникалық нысандары және емдеудің жаңа тәсілдері туралы қарқынды емдеу бөлімінің дәрігері Ж.А.Айкебаева айтып берді.
Семинар сындарлы түрде өтті, менингококк инфекциясына қауіп бар науқас түскен кездегі аурухана бөлімшелерінің іс-қимылы мен өзара әрекеттестігі туралы мәселелер белсенді түрде талқыланды