• Телефон

    8(7222) 77-73-38

  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

ҚР тұңғыш президенті күніне орай ЖМЖА-да «Ашық есік күні» өтті

Қабылдауды сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін төмендегі бөлім меңгерушілері жүргізді:
– Жоғарғы санатты эндокринолог дәрігер – С.У Смағүлова
– Жоғарғы санатты пульмонолог дәрігер – Е.Б Богачев
– Жоғарғы санатты травматолог-ортопед дәрігер – Е.Н Базарбеков
– Астма орталығының мамандары – А.Д Ахтанова, С.Ю Маймышева
Барлығы дәрігерлермен 15 емделуші қаралып, олардың біреуі: Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы диагнозымен Семей қ. ЖМЖА пульмонология бөлімшесіне жатқызылды, сынық жарақаты бар науқас болашақта ота жасау жолымен емделу үшін жоспарлы госпитализацияға жолданды. Басқа емделушілерге олардың сырқаттары бойынша емделуге нұсқаулар мен ұсынымдар берілді. Мұндай акция тұрғындардың өз денсаулықтарына ұқыптылықпен қарауы мақсатында ұйымдастырылды. Ауруханада Ашық есік күнін өткізу жақсы және игі дәстүрге айналып келеді.