ЖМЖА-ң Клиникалық-диагностикалық зертханасы (әрі қарай – КДЗ) жоғары технологиялық құрылғыларды қолдану арқылы зерттеу түрлерінің кең көлемді түрлерін жүргізеді.
Зертханалық зерттеулерді (жалпыклиникалық, биохимиялық, серологиялық, гематологиялық және иммунологиялық) жүргізуге рұқсат ететін негізгі құжаттардан басқа ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің Режимдік комиссиясы берген 2018ж.02.01 № KZ 16VMY00000761 «Микроорганизмдермен және гелминттермен жұмыс істеуге рұқсаты» бар.
Қан жасушаларын біршама мұқият анықтау және қорытындылардың нақтырақ болуы үшін КДЗ мамандары автоматты әдістермен қатар, зерттеулерді классикалық түрде қолмен де жасайды.
Сонымен қатар, ЖМЖА-ның КДЗ мамандары Семей қаласында ересек науқастардың қан ауруларын анықтау үшін жілік майына зерттеу жүргізетін жалғыз мамандар.
КДЛ-да 6 дәрігер, 17 зертханашы, 4 тазалықшы жұмыс істейді.
Дәрігерлердің санаттылығы – 100%-ды, ортаңғы мед.қызметкерлерінікі – 80%-ды құрайды.
Зертхана қызметкерлері жыл сайын бекітілген кестеге сәйкес біліктіліктерін көтеруден өтіп тұрады.
КДЗ қызметкерлері жылына орта есеппен 360 000 зерттеу жүргізеді.
ЖМЖА-ның КДЗ-сы демалыссыз және мереке күндерінсіз тәулік бойы зерттеудің барлық түрлерін жүргізеді.
Талдаулардың түрлеріне қарай иммундыферментті зерттеулерді (гепатит, қалқанша безі гормондары) қоспағанда, қорытындылардың шығу уақыты 10 минуттан бір тәулікке дейін барады.
Талдаулар тапсыруға дайындық жөнінде нұсқаулар:
1.Талдауды тапсырғанға дейін бір сағат ішінде шылым шекпеу.
2.Талдау тапсырғанға дейін бір күн бұрын күйзелісті болдырмау, денеге күш түсірмеу, күн тәртібін бұзбау және қоректенуді өзгертпеу, алкоголь қабылдамау.
3.Талдауды тыныш қалыпта тапсыру керек. Қан тапсырар алдында 10-15 минут демалып алған жөн.
4.Рентгенографиядан, ректальды тексеруден немесе физиотерапиялық емшаралардан кейін талдау тапсыру дұрыс емес.
5.Қабылдау орнының қызметкеріне қандай да бір дәрілік құрал (оның ішінде – антикоагулянттар) қабылдаған болсаңыз ескертіп айтыңыз.
ЖМЖА КДЗ-да Сіз мынадай зерттеу түрлерінен өте аласыз:
Байланыс телефоны: 8 (7222)777-338
© 2024. АО ДСБ "Жедел медициналық жәрдем ауруханасы" ШЖҚ КМК