Функционалдық диагностика бөлімшесі Жедел медициналық жәрдем ауруханасы бас ғимаратының 3 қабатында орналасқан, ғимараттың оң жақ қанатының үлкен бөлігін алып жатыр.
Бүгінгі күні бөлімше заманауи жаңа диагностикалық құралдармен жабдықталған. Бұл бөлімшенің тарихы 1930-ыншы жылдары Физикалық тәсілдермен емдеу институтында бір ғана электркардиография кабинетінің ашылуымен басталған.
Кейін 70-ші жылдары Орталық қалалық аурухана салынып, емхана жаңа ғимаратқа көшті, бұл жерде функционалдық дигностика кабинеті бөлімшеге айналды.
Бұл жерде тек ЭКГ ғана жасалмай, сонымен бірге спирография, фонокардиография, реография, алғашқы ультрадыбыстық зерттеу тәсілдері, бір өлшемді кескіндемедегі ЭХокардиография, эхоэнцефалография сияқты зерттеу тәсілдері де пайда болды.
1996 жылы Орталық қалалық ауруханасы Жедел медициналық жәрдем ауруханасы болып аталды. Осы уақытта құрсақ қуысы ағзаларын тексеруге арналған алғашқы ультрадыбыстық аппараты қойылды. Біраз уақыт өткеннен кейін заманауи эхокардиограф пайда болды.
2014 жылы «100 мектеп – 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Жедел медициналық жәрдем ауруханасының» заманауи кешені іске қосылды.Жаңа ауруханада зерттеулер көлемі бұрынғыдан да кеңейді. Жаңа ғимаратпен бірге бөлімше қазіргі уақытта жүргізілетін барлық зерттеу түрлерін жасауға мүмкіндік беретін заманауи жаңа құралдарға қол жеткізді.
Функционалдық диагностика бөлімінің ұжымында білікті, ұқыпты дәрігерлер мен мейірбикелер жұмыс істейді. Бөлімше қызметкерлері өздерінің кәсіби деңгейлерін үнемі көтеріп отырады, мемлекеттік білім беру мекемелерінде, жақын және алыс шет елдердің беделді университеттерінде білім алып отырады.
Бүгінгі күні біздің бөлімшеде стационарлық және амбулаторлық емдеуде жатқан аурухананың емделушілері ғана емес, сонымен бірге қалауы бойынша кез келген азамат зерттеулер өте алады.
Мысалға, жүрек зерттеуін әдеттегі 12 жалғамдағы электрокардиограммадан бастауға болады. Жүрек ырғағының бұзылуы байқалса, сонымен бірге миокардтағы ауырсынусыз болатын имшемияны анықтау үшін, Холтер бойынша ЭКГ мониторының тәуліктік зерттеуі жүргізіледі. Холтер бойынша мониторлеу әдеттегі электрокардиографияда байқалмайтын жүрек жұмысындағы ақаулар туралы көрсеткіштерді алуға мүмкіндік береді.
Жүрек-қантамыр жүйесінің физикалық күш түсуге реакциясын бағалау үшін, стенокардияны және оның функционалдық сыныбын анықтау үшін тредмил тестінде зерттеу жүргізіледі.
Эхокардиграфия туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек ақауларын, жүрек қабырғаларының гипертрофиясын (кеңею), жүрек қуысында кеңею бар екенін растау немесе жоққа шығаруға, жүрек аппараты қақпағының жұмысын, миокардтың жиырылу қабілетін бағалауға, жүрек қуысы мен перикардтағы патологиялық ісіктерді анықтауға, сонымен бірге магистралді қан-тамырларының жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.
Қол – аяқ қантамырларының, миға қорек беретін қантамырлардың жағдайын, бүйректің қан өткізу жүйесінің жағдайын қантамырларды дуплексті сканерлеудің көмегімен жүргізуге болады. Зерттеудің бұл түрі қантамырларының жағдайын жете бағалауға, атеросклероздық түйіндердің, ұйыған қанның бар екенін және сипатын анықтауға, қан ағымының сипаты мен жылдамдығын анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Жедел медициналық жәрдем ауруханасының функционалдық диагностика бөлімшесінде кез келген азамат құрсақ қуысы және құрсақ асты кеңістігінің ішкі ағзаларының патологияларын тез және дәл табуға немесе жоққа шығаруға мүмкіндік беретін, заманауи ультрадыбыстық аппараттың көмегімен тексеруден өте алады.
© 2024. АО ДСБ "Жедел медициналық жәрдем ауруханасы" ШЖҚ КМК