Эндоскопия бөлімшесі Жедел медициналық жәрдем ауруханасының бас ғимаратының 3 қабатында орналасқан.
Бөлімше бейне және фотофиксациялау мүмкіндігі бар Pentax фирмасының жаңа диагностикалық құрылғыларымен жабдықталған. Заманауи эндоскопиялық құрылғы асқазан-ішек жолы мен бронх тарамына толыққанды зерттеу жүргізуге ғана емес, сонымен бірге кешенді емдік эндоскопиялық манипуляциялар мен эндоскопиялық оталар жасауға мүмкіндік береді.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша тек біздің ауруханамызда ғана ЭРХПГ (эндоскопиялық ретроградтық холангио панкреатография) жүргізіледі – ол механикалық сарғаю кезінде өт жолдарын контрастпен диагностикалық зерттеу. Анықталған патологияларға байланысты көрсетілімдер бойынша, механикалық сарғаю салдарын жою арқылы ЭПСТ (эндоскопиялық папилосфинктеротомия) жүргізіледі:
– өт жолдарынан тасты алу;
– өттің немесе ұйқы безі ұшының ісігі кезінде өт жолдарына стент қою;
– өттің тарылуы кезінде баллондық кеңейту.
Емдік шаралар стационарда көктамырішілік седация арқылы жүргізіледі.
Жоғарыда көрсетілген манипуляциялар ешқандай тіліксіз табиғи саңылаулар арқылы сарғаю себептерін жоюға мүмкіндік беретін, механикалық сарғаюды диагностикалау мен емдеудің аз инвазивті заманауи тәсілдері болып табылады.
Эндоскопия бөлімшесінде 3 дәрігер, 4 мейірбике және 2 санитар қабылдау жүргізеді.
Бөлімше қызметкерлері тек Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге шет елдердің денсаулық сақтау ұйымдарында, медициналық білім және ғылым орталықтарында бекітілген кестеге сәйкес біліктілігін көтеріп тұрады.
Емделушілерді қабылдау мына телефон номері арқылы алдын ала жазба бойынша жүргізіледі: 8 (7222) 777-338.
Көрсетілген телефонға хабарласып, Сіз зерттеуге дайындалу және емделушінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып оның жүргізілуі туралы эндоскопист-дәрігердің кеңесін ала аласыз.
© 2024. АО ДСБ "Жедел медициналық жәрдем ауруханасы" ШЖҚ КМК