Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК Бақылау кеңесінің мүшесі лауазымына байқау өткізу туралыхабарландыру

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК Бақылау кеңесінің мүшесі лауазымына байқау өткізу туралыхабарландыру

Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК Бақылау кеңесінің мүшесі лауазымына байқау өткізу туралыхабарландыру

«Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің 2026 жылғы 24 тамыздағы №216-НҚ бұйрығымен Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК Бақылау кеңесінің мүшесі лауазымына конкурсын өткізу туралы шешім қабылданды.

Конкурсты өткізу күні мен орны: 2026 жылғы 25 қыркүйек, Абай облысы, Семей қаласы, К. Мұхамедханов көшесі, 38 «А», 3-қабат, 307-кабинет, «Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасы» ММ.

Мемлекеттік кәсіпорынның атауы: Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК, мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Мичурин көшесі, 140 «А», индексі 071404, телефоны 777-338. 

Негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорын медициналық қызметтің келесі түрлерін жүзеге асырады: мамандандырылған медициналық көмек көрсету, жоғары технологиялы медициналық көмек көрсету, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Абай облысының халқын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекпен қамтамасыз ету, ересек тұрғындарға стационарлық көмек көрсету, медициналық реабилитология, қалпына келтіру емі, зертханалық және сәулелік диагностика, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қызмет.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың бақылау кеңесіне сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің болуын қамтиды:

1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

Бақылау кеңесінің мүшесі ретінде мынадай тұлға сайланбайды:

1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4) бақылау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды бақылау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.

Құжаттарды қабылдау мерзiмдi баспасөз басылымдарына байқау өткізу жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң аяқталады.

Құжаттарды қабылдаудың басталатын күні – мерзімді баспасөз басылымында байқау өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күн.

Байқау өткізілетін күн – байқауға қатысу үшін құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні.

Байқауға қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі – кандидат) конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде комиссияға мынадай құжаттарды, оның ішінде кәсіпорынның лауазымды тұлғаларына қатысты үлестестігі туралы мәліметтерді ұсынады:

1) байқауға қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);

2) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);

4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

6) ҚР Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

Байқауға қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелерін, ғылыми жарияланымдарды, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдамаларды) ұсына алады.

Қатысушы конкурс өтінімінің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгілеп, конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрлейді.

Ішкі және сыртқы конверттер:

1) шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша тиісті саладағы уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) бағытталуы;

2) «Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК бақылау кеңесі мүшелерінің конкурсы», «2026 жылғы 25 қыркүйек сағат 10:00-ге дейін ашуға болмайды» деген сөздерді қамтуы тиіс.

Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша бақылау комиссиясы талаптарға сәйкес келетін кандидаттарды іріктеуді жүргізеді, оларға сұхбаттасуға шақыру жіберіледі. 

Байқау өтінімі мына мекенжай бойынша жіберіледі: Абай облысы, Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 38 «А» («Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ)

© 2024. АО ДСБ "Жедел медициналық жәрдем ауруханасы" ШЖҚ КМК