• Телефон

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

Микробиологиялық зертхана кең көлемде клиникалық-бактериологиялық және санитарлық-бактериологиялық зерттеулерді орындайды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Режимдік комиссиясының 01.02.2018ж. №KZ 16VMY00000761 «Микроорганизмдер мен гельминттермен жұмыс істеуге рұқсаты» бар.

Микробиологиялық зертханада зерттеулер классикалық әдістермен заманауи жағдайларда жүргізіледі, бұл қорытындылардың сапасы мен уақтылы жүргізілуіне кепілдік береді.

ЖМЖА Микробиологиялық зертханасының қызметінің негізгі бағыттарының бірі антибиотиктерге ауруды қоздырушылардың сезімталдығын анықтау болып табылады.

Бұл зерттеу тиімді антибактериялық емді таңдау үшін қажет және дәрілік құралдарға тұрақты микроорганизмдер түрлерін кең таратуына байланысты ерекше маңызға ие.

Антибиотиктерге сезімталдықты анықтау әдетте, 3 тәулік бойы жүргізіледі.

4 –ші күні емделуші қорытындысын алады, онда ауруды емдеу үшін біршама нәтижелі болатын антибиотиктердің тізімі көрсетіледі.
Зертханада жылына антибиотиктерге сезімталдықты анықтауға арналған 3 000-ға жуық зерттеу жүргізіледі.

ЖМЖА микробиологиялық зертханасы қанға, жұтқаншақтан, жарадан, көзден, құлақтан алынған бөлініске, өтке, несепке, нәжіске бактериологиялық зертеулер жүргізеді, таңу материалдарын, хирургиялық құрал-саймандарды, ота жасау құралдарын стерильдікке тексереді, зең саңырауқұлақтарына ауа сынамасына талдау жүргізеді және т.б.

ЖМЖА-ның микробиологиялық зертханасында білікті мамандар жұмыс істейді, олар жылына 20 000-ға жуық зерттеулер жүргізеді.