• Телефон

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

ЖМЖА-ның Орталық зарарсыздандыру бөлімшесі (әрі қарай – ОЗБ) ғимараттың Г бөлігінің үшінші қабатында орналасқан, жалпы көлемі 365м2 жерді алып жатыр.
Бөлімшенің зарарсыз аймағында үнемі ауаның ламинарлы ағын жүйесі, желдеткіші бар ауа тартқыш жұмыс істеп тұрады.

ОЗБ мақсаты ЖМЖА-да ауруханаіші инфекциясының дамуының алдын алу болып табылады.

ОЗБ міндеттері:
1. ЖМЖА зарарсыз медициналық аспаптармен, төсек-орын жабдықтарымен, таңу және тігу материалдарымен қамтамасыз ету.
2. Тәжірибеге заманауи дезинфекция, зарарсыздандыру алдындағы тазалау және зарарсыздандыру тәсілдерін енгізу.

Бөлімшенің штаты толық қамтылған. Бөлімшеде 6 мейірбике, 5 санитар жұмыс істейді.
Мейірбикелердің біліктілік санаты 100% құрайды: 5 мейірбике жоғары санатты, 1 мейірбике «Мейірбикелік іс» мамандығы бойынша жоғары білімді.

Бөлімшеде қызметкерлердің жұмыс істеуіне барлық жағдайлар жасалған. Біздің мейірбикелер мен санитарлар өздерінің қызметтегі міндеттемелеріне өте мұқият және жауапкершілікпен қарайды.
Бөлімше қызметкерлері жыл сайын бекітілген кестеге сәйкес кәсіби біліктіліктерін көтеріп тұрады.