• Справочная

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

Семей қ. ЖМЖА «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың өзекті мәселелері» тақырыбына жиналыс өткізді

2018 жылдың 18 мамырында «ӘМСҚ» ҰАҚ ШҚО бойынша филиалының директоры Болат Хайроллаұлы Әлиев Семей қ.ЖМЖА «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың өзекті мәселелері» тақырыбына жиналыс өткізді.

2017 жылдың қыркүйек айында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халықты медициналық сақтандыруға дайындау туралы міндет қойды. Қазақстанда 18 млн адам тұрады, олар 16 санатқа бөлінген, 400-450 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген, 5,5 млн адамның тұрақты жұмысы бар, және жеке кәсіпкерлер – 800 мыңдай адамнан артық.

Сонымен қатар Үкіметке белсенді өзін өзі жұмыспен қамтушы адамдар туралы сұрақ қойылды, олардың саны 2млн.700 мың адамды құрайды. Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінде жұмыс істейтін тұрғындардың санын көтеру үшін, кішігірім кредит беру және ауылшарушылық бағдарламаларын субсидиялау бойынша көптеген арнайы бағдарламалар жасалды.

Өткен жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс беруші жағынан сақтандыру төлемі 1% болды, бұл 5 млн.көлеміндегі жұмыс істеушілер, 480мың ЖК және олардың жалдамалы жұмыскерлері. 2018 жылдың 24 ақпанындағы мәліметке сәйкес 54 млрд.теңге көлемінде төлем жинады, бұл бүкіл елді қаржыландыруға жетпейді. Мысалы, ШҚО –да бір жылдық денсаулық сақтау бюджеты 65 млрд теңгені құрайды.

Біздің міндетіміз алдыңғы қатардағы 30 елдің қатарына қосылу. Қазіргі күні 918 млрд теңге ТМККК көрсетуге бөлінуде. Болжамдар бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарында сома 500 млрд.теңгеден артық болады. Жиналған ақшаны ҚР Үкіметі қорғайды.Жылдың басында МҰ 100%-ға жеткілікті қаржыландырылған жоқ, енді бес айдың қорытындысы бойынша ТМККК көрсету үшін ұсталған қаржы қорын қайтарамыз, сонымен қатар ММСҚ ЖМЖА 90% шұғыл түрде қабылданатын науқастарға қызмет көрсететінін ескереді, осыған байланысты «Семей қ.ЖМЖА» ШЖҚ КМК әкімшілігі сызықты межеден ауытқу болған жағдайда хат жаза алады.
Сіздердің ЖТМҚ-тің қосымша көлемі бойынша хаттарыңызды алдық. Хат Астана қаласына қарастыруға жіберілді.