• Справочная

    8 (7222) 777-338
  • Мекен-жай

    Мичурин көшесі 140А
  • Жұмыс уақыты

    Тәулік бойы

Семей қ. ЖМЖА 14 мамыр күні осы мерекеге орай салтанатты концерт өтті

Жыл сайын 12 мамырда ICN Халықаралық мейірбикелік Кеңесінің қамқорлғымен Халықаралық мейірбикелер күні атап өтіледі.

Бұл күнді көптеген елдердің емханалары, ауруханалары мен басқа денсаулық сақтау мекемелерінің ортаңғы медициналық қызметкерлері, сонымен қатар медициналық колледждер мен ЖОО студенттері мен оқытушылары атап өтеді. Алғаш рет Мейірбике күнін атап өту туралы ұсыныс 1953 жылы әлемдегі алғашқы мейірімділік қызметінің құрылуының 100 жылдық салтанатында айтылған болатын. 1853 жылы, Қырым соғысының ең басында ағылшын әйелі Флоренс Найтингейл арнайы медициналық еріктілер қызметін ұйымдастырды. Семей қ. ЖМЖА ШЖҚ КМК 14 мамыр күні осы мерекеге орай салтанатты концерт өтті, мұнда мейірбикелерге арналған алғыс хаттар табыс етіліп, оларға көптеген жылы алғыс сөздер айтылды, аурухананың директоры мен бас мейірбикесі жақсы тілектерін жеткізді. Семей қ. ЖМЖА әкімшілігі ерекше көзге түскен мейірбикелерге сыйақы беріп ерекше атап көрсетті. Қазіргі күні әлемде мейірбикелер денсаулық асқтау саласының жұмыскерлері ішінде ең көп санатты алады, себебі дәрігерлердің тәжірибесінде медициналық қызметтің көп мөлшерін мейірбикелер жүргізеді.